Білім • 31 Мамыр, 2023
«Болашаққа» өтінім қабылдау басталады
Осы жылдың 5 маусымында «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудың үшінші легі басталады. Өтінімдер 7 шілдеге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Жылдың соңына дейін өтінім қабылдаудың тағы бір легі 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтетін болады.
Тарих • 30 Мамыр, 2023
«Әмірқан бидайығында» не жазылған?
Біз бүгінгі жазбамызда сұлу сөздің сүлейі атанып, әдебиетімізде ойып отырып орын алған ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтің біреу білсе, біреу білмейтін алғашқы кітабы туралы сөз қозғамақпыз. Бұл кітап «Әмірқан бидайығы» деп аталады. 1928 жылы Қызылордадағы «Қазақстан мемлекет» баспасынан 5000 тиражбен басылған танымдық дүниесінде жазушы не жазды екен деген сауал тууы, әрине, заңдылық.
Технология • 24 Мамыр, 2023
«ChatGPT» өмірімізді өзгерте ала ма?
Қазір қарқынды дамып жатқан әлемдік технология күнделікті өміріміздің маңызды бөлігіне айналды. Кейінгі жылдары пайда болған жаңа технологиялық жетістіктердің бірі чат-боттарды дамыту екені рас. Чат-боттар – пайдаланушыларымен сөйлесуді имитациялауға арналған компьютерлік бағдарламалар. Бұл ретте «OpenAI» жүйесінің «ChatGPT» өнімі чат-боттардың адам өмірін әртүрлі жолмен жақсарта алатынының тамаша үлгісі екеніне еш күмәніміз қалмады.
Ғылым • 17 Мамыр, 2023
Экология десе, біздің есімізге ата-әжелеріміздің «құстың ұясын бұзба», «көк шөпті жұлма», «суды лайлама» сияқты тәрбие сөздері есімізге түседі. Сайын далада еркін ғұмыр кешкен ежелгі бабаларымыз «бұлақ көрсең, көзін аш» деп ұрпақтарына экологиялық мәні зор өсиеттер қалдырғаны қазақ халқының ежелден табиғатпен етене екенін айғақтайды.
Сұхбат • 12 Мамыр, 2023
Темірхан Медетбек: Мен де «күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым»
Атақты Уильям Фолкнер бір сөзінде: «Нағыз өлең жиырма алты жасқа дейін ғана жазылады», депті. Жиырма алты жас, былай қарасаң, қысқа ғана уақыт. Ал осы фолкнерлік аксиоманы бұзып, ғұмыр бойы өлең жазған ақындар біздің әдебиетімізде көп кездеседі. Солардың бірі – қаламынан найзағайдың жарқылы есетін ақын Темірхан Медетбек. «Көк түріктер сарынымен» қазақ поэзиясында тыңнан түрен салған ақын бізге берген сұхбатында өлеңдегі стилі, ізденіс жолы, қазіргі қоғамдық мәселелер туралы бүкпесіз айтып берді.
Ғылым • 11 Мамыр, 2023
О заманда бұ заман айда өсімдік егіліпті дегенді естіп пе едіңіз? Қазіргі жаңа ғылым мен техника біз естіп көрмеген ғажайыптың бәрін жасап жатыр. Соның бірі – айға өсірілген өсімдіктер.
Ғылым • 10 Мамыр, 2023
Шыны керек, қазіргі әрбір ғылыми зерттеуге тәжірибе ретінде тышқан жиі қолданылады. Мұның себебі неде? Не үшін тышқан ғылыми тәжірибе барысында «құрбандыққа» көп шалынады? Сөйтсек, мұның алуан түрлі себебі бар екен.
Технология • 04 Мамыр, 2023
Осы жылдың қаңтарында қолданысқа еніп, тұтас әлемге тез таралған жаңа технологиялық өнім ChatGPT (Generative Pre-Trained Transformer) екі-ақ айдың ішінде 100 млн-нан аса пайдаланушыны жинады. Осылайша, осы күнге дейінгі ең жылдам таралған қосымшаның бірі атанды. OpenAI-дың жетілдірілген чат-боты халықтың жасанды интеллектіге деген қызығушылығын арттырғаны сонша, ол туралы білгісі келетін, тіпті оны пайдаланып көргісі келетіндердің саны күн сайын артып барады. Бірақ жаңа технологиялық өнімнің қауіпсіздік тәуекелдері барын байыпты түрде ойлағандар некен-саяқ.
Әлем • 02 Мамыр, 2023
Жуық жылдардан бері шетелде қазақ мәдениеті орталықтары ашылып, сол арқылы еліміздің мәдениеті мен әдебиетін, салт-дәстүрін өзге елдерге насихаттау, таныстыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Қоғам • 30 Сәуір, 2023
Қадау-қадау ғасырлардан бері сақталған халқымыздың рухани мұрасы атадан балаға жалғасып келеді. Қай дәуірде болсын, ұлтымыздың өзіне ғана тән салт-дәстүрі мен рухани қазынасы тәрбиелік маңызын жойғаны жоқ. Сол үшін де оны біз бүгінгі күнде арнайы ғылым ретінде зерттеп, ұрпақтар санасына сіңіруіміз – күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Біз үшін салт-дәстүр байлық, сарқылмас мұра есебінде.