Таным • 04 Қазан, 2024
Ғасыр бұрынғы дала өмірі (АҚШ ғалымының көзімен)
«Мың өліп, мың тірілген» қазақтың тағдыры-талайы туралы әркім өз шамасынша толғады, жазды, айтты. Ал алпауыт елдерде туып-өсіп, өзін ғылымға арнаған тұлғалардың қазақ хақында қалам тербеуі, ізденіс жасап, оны ғылыми айналымға енгізуі, әрине, құптарлық, қуанарлық жайт. Біздің қолымызға түскен Гарвард университетінің мұрағатында сақталған қазақ туралы топтама суреттер сайын даланың төсінде жүрген халқымыздың кей сәттерін еміс-еміс еске салады. Осыдан 97 жыл бұрын, яғни 1927 жылы түсірілген бұл суреттер өткен ғасырдағы қазақтың қаз-қалпындағы бейнесін көрсетіп тұр.