Басылым • Кеше
Баспасөз – ақпарат тарату құралы ғана емес, ұлттың тарихи жады мен рухани тұтастығын сақтайтын маңызды институт. Бұлай дейтініміз, шетелде өмір сүріп жатқан қазақтар өздері тұрған елде газет-журнал шығарып, ұлттық болмысты сақтауға ұмтылыс жасады. ХХ ғасырдың түрлі саяси, әлеуметтік сілкіністері салдарынан әлемнің әр түкпіріне тараған қазақ диаспорасына баспасөз ана тілі мен ұлттық тамырды сақтаудың басты тетігіне айналды.
Digital • 30 Қаңтар, 2026
Стартап олжасы – 80 миллион доллар
Инженер Ерзат Дулат негізін қалаған «Higgsfield» жасанды интеллект стартабы инвесторлардан 80 миллион доллар көлемінде инвестиция тартты. Осылайша, компанияның бағалануы 1,3 миллиард доллардан асып, ресми түрде «юникорн» санатына енді. Бейне контент өндіру саласына жаңа серпін әкелген жобаның соңғы инвестициялық айналымына «Accel», «GFT Ventures», «Menlo Ventures» секілді жетекші венчурлық қорлар қатысты.
Көрме • 29 Қаңтар, 2026
Будапешттегі Мажар Ұлттық музейінде Мажар мәдениеті күні аясында ұйымдастырылған «Аттила» атты халықаралық көрменің қонағы ретінде елімізден Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ахан Оңғарұлы, сондай-ақ осы мекеменің жетекші ғалымдары қатысты.
Білім • 20 Қаңтар, 2026
Халықаралық деңгейдегі жетістік
Кейінгі жылдары еліміздің жас ғалымдары әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми дәрежелер алып, отандық ғылымның абыройын арттырып келеді. Солардың бірі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде докторлық оқуын сәтті аяқтаған Бауыржан Қазиев. Ол жуырда Ұлыбританияда PhD Viva қорғауынан сүрінбей өтіп, білім саласы бойынша философия докторы (PhD in Education) ғылыми дәрежесін алды. Бұл – жеке жетістік қана емес, еліміздің білім саласының халықаралық деңгейде мойындалуы болмақ.
Байқау • 17 Қаңтар, 2026
Бейжіңде туған қазақ актрисасы Риза Әлімжанқызы Қытай телеөнер саласындағы ең беделді марапат «Flying Apsaras Awards» сыйлығын жеңіп алды. Ол «Minning Town» телехикаясындағы рөлі үшін «Үздік актриса» атанды. Аталған драма 2021 жылдың қаңтар айында Қытайдағы бес ірі телеарнадан көрсетіліп, көрермен тарапынан жоғары бағаланды.
Басылым • 15 Қаңтар, 2026
Анкара университеті әлеуметтік ғылымдар институтының докторанты Наргиз Бекеннің «Қазақстан медиасындағы әйел болмысы» монографиясы түрік тілінде жарық көрді.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Кей адамның тағдырын бір ғана кездесу өзгертетін сәттер де болады. Бүгінгі кейіпкеріміз Акира Такегучидің де басынан өткен оқиғасы, әне, сондай бір қайталанбас шақтың белгісіндей. Ол алғаш домбыраны көрген сәтін әңгімелеуден жалыққан емес.
Таным • 13 Қаңтар, 2026
1860 жылы президенттік сайлауға үш апта қалғанда, Нью-Йорк штатының Уэстфилд қаласында тұратын Грейс Беделл есімді он бір жасар қыз президенттікке кандидат Линкольнге үшбу хат жазады. Ол Линкольнге әкесі үйге әкелген плакаттағы суретті көргеннен кейін хат жолдағысы келгенін айтады.
Әдебиет • 13 Қаңтар, 2026
Қазақ оқырманына бұл жазушының әйгілі кейіпкері 60-жылдардан таныс (қазақшаға орыс тілінен аударғандар – Т.Кәкішев пен Қ.Орманбаева). Сол ағылшын жазушысы Артур Конан Дойль 1893 жылы кенеттен күтпеген бір іс жасады. Ол сериалы детективті шығармасына кейіпкер болған Шерлок Холмсты «өлтірді». Сол тұста Холмс жай ғана кейіпкер емес, жұрт арасында нағыз құбылысқа айналған еді. «The Strand Magazine» журналында жарияланған оның детективтік оқиғалары Ұлыбритания мен өзге елдердің оқырмандарын бірден баурап алды. Әр жаңа сан шыққан сайын оқырмандар теміржол дүңгіршектерінде кезекке тұрып, журналдың кезекті санын алуға асығатын.
Digital • 10 Қаңтар, 2026
Спорттық коучингке арналған бағдарлама
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологиясына негізделген жеке жаттығуға арналған интеллектуалды спорттық коучинг бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жоба «Iron-BARS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылмақ.