Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
АӨК субъектілеріне онлайн кеңес беріледі
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбековтың бастамасымен Орталықтың ғалымдары ауылшаруашылық тауар өндірушілерге бұқаралық ақпарат құралдары - Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілер мен ғаламтор ресурстары арқылы онлайн кеңес беру жүргізілуде, деп хабарлады «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
Нұр-Сұлтан: Ботаникалық бақтағы аққулар тіршілігінен репортаж
Осыдан екі-үш күн бұрын елорданын сол жағалауынан былтыр ашылған Ботаникалық бақтың жасанды көліне екі аққудың ұшып келіп, жүзіп жүргендігін хабарлаған едік. Бақтың өзі жүз гектар аумақты алып жатыр. Оның Түркістан көшесі жағындағы шетіне қолдан көл жасалынған. Жасанды көлдің өзі биіктен қараған адамға қанатын жайып ұшып келе жатқан құс бейнесінде көрінеді. Көл беті ортасынан кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер арқылы төрт аумаққа бөлінеді. Қос аққу міне, осы көлге келіп қонақтаған болатын.
Қоғам • 16 Сәуір, 2020
Созылмалы обструктивтік өкпе ауруы бар науқастарға арналған ұсыныстар әзірленді
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның Жоғары білім алудан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, м.ғ.д., профессор Сәуле Касенова созылмалы обструктивтік өкпе ауруы (COӨА) ұзақ жылдар бойы темекі тартып жүрген немесе жұмыс орнында, тұрғылықты жерінде ластанған ауаны жұтуға мәжбүр болған егде адамдарда жиірек пайда болатындығын ескертіп, осыған орай тиісті кеңестер әзірледі деп хабарлады Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметі.
Экология • 16 Сәуір, 2020
Қазақстан мен Ресей экологтары Орал өзенін сауықтыру жөнінде сарапшылық кеңес құрады
Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев сəрсенбіде ресейлік əріптесі - Ресей Табиғи ресурстар жəне экология министрі Д. Кобылкинмен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді. Бұл туралы М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 16 Сәуір, 2020
Биыл «Үшарал-Достық» тасжолының 60 шақырымы ашылады
Ұзындығы 184 шақырымды құрайтын «Үшарал-Достық» автомобиль жолы Алматы облысына қарасты Ынталы, Көктума, Жалаңашкөл және Достық елді мекендері арқылы өтетін болады, деп хабарлайды ИИДМ баспасө қызметі.
Экономика • 16 Сәуір, 2020
Қазақстанда коронавирустың салдарынан мұнай өнімдеріне сұраныс төмендеді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Жұртшылықпен байланыс департаменті еліміздің ірі қалаларында карантиннің енгізілуіне және мұнай өнімдерін тұтынудың азаюына байланысты отандық мұнай өңдеу зауыттары теңдестірілген ең төмен қуатпен жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Қоғам • 16 Сәуір, 2020
«Бекіре – 2020» акциясының алғашқы екі аптасында 3,7 тонна балық тәркіленді
«Бекіре – 2020» акциясының басынан бері табиғатты қорғау органдары мен шекара қызметінің мамандары 250 табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке 100 заң бұзушы тартылып, 4 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Экономика • 16 Сәуір, 2020
Қазақстан кілемі әлемдік нарықта
Шымкенттегі «Бал Текстиль» фабрикасы өнімдерінің 20 пайызы алыс және жақын шетелдерге экспортталады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Қоғам • 16 Сәуір, 2020
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылардың шоттарына 661,7 млрд теңге аударылды
БЖЗҚ салымшыларының шоттарында жинақталған зейнетақы активтері 2020 жылдың 1 сәуіріне 11,7 трлн теңгеден асты, деп хабарлады аталған ұйымның баспасөз қызметі.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2020
Бүгінде «іргедегі көлімізге аққу ұшып келіп қонды» деген хабарды еліміздің әр өңірінен жиі еститін болдық. Аққулар тіпті қала ішіндегі үлкен тұрғын үй кешендері құрылысының дамуына байланысты соңғы жылдары пайда болған жасанды көлшіктерге де келіп қонуда.