Білім • 20 Тамыз, 2020
Оқу жылына дайындық ойдағыдай ма?
Биыл Алматы облысындағы білім саласының бюджеті 314,2 млрд теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 108 млрд теңгеге артып отыр. Жалпы облыста әлеуметтік салаға бөлінген бюджет қаражатының 65 пайызы білім саласына бағытталған. Ал санаулы күндерден кейін басталатын жаңа оқу жылында 426 мыңнан астам бала білім бұлағына бас қоймақ. Демек, Жетісудағы оқушы саны 2019 жылмен салыстырғанда 16,6 мың балаға өсіп отыр. Ал 1 сыныпқа 48 мың бала қабылданады екен.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Жетісу жастары дәрігерлерге арнап "Алғыс жәшігін" ашты
Жетісу жастары «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясын жалғастырып жатыр. Бұған дейін аймақтағы ауруханаларға көмек қолын созып, ақ халатты абзал жандарды қолдаған еріктілер енді жалпақ жұрттың медицина қызметкерлеріне арнаған тілегін жинастарып, табыстауға кірісті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Алакөлдік кәсіпкер ауруханаға 20 тыныс алу аппаратын сыйға тартты
«Жақыныңа жанашыр бол!» деген жақсы бастамаға Жетісу жұртының бір кісідей жұмылып үлес қосып жатқанын бұған дейін де жазған едік. Осы игі үрдіс әлі де жалғасуда, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Бейсен Құранбек бейнесі мурал болып "мен мұндалайды"
Талдықорған қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің қабырғасына көрнекті журналист Бейсен Құранбектің бейнесі салынды. Граффити жанрында бейнеленген мурал биыл дүниеден өткен әріптесіміз ұзақ жыл басшылық еткен "Jetisu" телеарнасының ғимаратына қарама-қарсы қоныс тепкен үйдің қасбетінде "мен мұндалап" тұр, - деп хабарлайды egemen.kz.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Жеті айда 5 мыңнан астам жетісулық зейнетке шықты
Өткен жылдың сәйкес мерзіммен салыстырғанда өңірде зейнетке шығушылар қатары едәуір көбейген. Мысалға, былтыр 4770 тұрғын құжат өткізсе, биылғы жеті айда 5253 адам зейнет жасына жетіп отыр, - деп хабарлайды egemen.kz.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2020
Табиғи газ тарту бағасы тұрғындар үшін тиімсіз болып тұр
Көгілдір отын тұтыну жөнінен алдыңғы орында тұрған Алматы қаласы маңында да көгілдір отынның қол жетімділігі толық шешімін тапқан жоқ. Яғни, тұрғын үй секторы мен өндіріс орындарының әлі күнге дейін орталық газ желісіне қосылмауы қоршаған ортаның ластану қауіпін жоғарылатып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да сын болып тұр, - деп хабарлайды egemen.kz.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2020
Жетісу мектептері жаңа оқу жылына қаншалықты дайын?
Биыл Алматы облысының білім саласына бөлінген қаржы 314,2 млрд теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 108 млрд теңгеге артып отыр. Жалпы облыста әлеуметтік салаға бөлінген бюджет қаражатының 65 пайызы білім саласына бағытталған, - деп хабарлайды Еgemen.kz.
Қоғам • 17 Тамыз, 2020
Ащысай ауылының тұрғындары неге ашуланды?
Әлеуметтік желіде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйдібек ауылында жергілікті тұрғындар жиналып, шеру өткізгені жайында хабар тараған болатын. Оқиғаға осы аудандағы Ащысай ауылында болған қылмыстық оқиға түрткі болған екен, - деп хабарлайды egemen.kz.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2020
Көксу өзеніндегі бөгетке күрделі жөндеу басталды
Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс істеліп жатыр. Нәтижесінде аймақтағы жаңғыртуды қажет ететін құрылыс нысандары мен әлеуметтік маңызы жоғары ғимараттар күрделі жөндеуден өтуде, – деп хабарлайды egemen.kz.
Медицина • 17 Тамыз, 2020
Қатерлі ісікке шалдығушылар қатары азамай тұр
Алматы облысы тұрғындарының арасында қатерлі ісікке шалдығушылар қатары азамай тұр. Аймақтағы онкологиялық ахуалды екі облыстық көпсалалы дипсансер бақылайды. Оның бір Талдықорған қаласында болса, екіншісі Алматы қаласында орналасқан. Мегаполистегі диспансер негізінен облыстың оңтүстік аймағындағы аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді, - деп хабарлайды egemen.kz.