Аймақтар • 19 Тамыз, 2020

Алакөлдік кәсіпкер ауруханаға 20 тыныс алу аппаратын сыйға тартты

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жақыныңа жанашыр бол!» деген жақсы бастамаға Жетісу жұртының бір кісідей жұмылып үлес қосып жатқанын бұған дейін де жазған едік. Осы игі үрдіс әлі де жалғасуда, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алакөлдік кәсіпкер ауруханаға 20 тыныс алу аппаратын сыйға тартты

Әсіресе қалталы азаматтар тарапынан медициналық құрал-жабдық пен қажетті заттар сатып алып, ауруханаларға тегін тарату дәстүрге айналғандай. Бұл жолы қайырым эстафетасын Алакөл ауданының жеке кәсіпкерлері жалғады.  Мәселен «Ырыс» шаруа қожалығы мен «Айманбетов» жеке кәсіпкерлігінің иесі Рыскелді Айманбетов аудандық ауруханаға жалпы құны 5 миллион тұратын 20 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты.Бұл жабдық ауадан оттегі жасап, науқастардың тыныс алуына көмектеседі. Кәсіпкер бұл аппараттарды Қытай еліне тапсырыс беріп алдырған.

"Игі бастамаға үлес қосқан  Рыскелді Қабиұлына аудан тұрғындары атынан алғыс айтамын. Жомарт жүректі азамат осыған дейін де ауруханада жатқан науқастарға қолдау білдіріп, 5 жасанды тыныс алу аппаратын тарту еткен болатын. Бұл аппараттар індетке шалдыққан науқастарға көмегін тигізуде", - дейді Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.