Талдықорған қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің қабырғасына көрнекті журналист Бейсен Құранбектің бейнесі салынды. Граффити жанрында бейнеленген мурал биыл дүниеден өткен әріптесіміз ұзақ жыл басшылық еткен "Jetisu" телеарнасының ғимаратына қарама-қарсы қоныс тепкен үйдің қасбетінде "мен мұндалап" тұр, - деп хабарлайды egemen.kz.

Мурал фотосуретші Жеңіс Ысқабайдың суреті негізінде жасалған екен. Тұтас қабырғаны алып тұрған Бейсеннің бейнесін суретші Бекболат Кеңесов салып шықты. Сурет астына "Қарекет ет, батырым!" деп жазылған. Ал есімі елге әйгілі журналистің жарқын бейнесін жұрт назарына ұсыну идеясын "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі бастаған екен. Істің нәтижелі болуына облыстық ішкі саясат басқармасы барынша үлес қосты.
"Міне, "Jetisu" телеарнасының қапталындағы үйдің қабырғасында Бейсен достың бейнесі жымиып қарап тұратын болды. Өзі жиі айтатын "Қарекет ет, батырым" деген сөзі де тасқа басылды. Жалпы, жұрт жүрегінде Бейсеннің бейнесі мәңгілік сақталады. Елдің ерге құрметі, тағзымы осындай игі істерден көрініс табуда, - дейді марқұмның үзеңгілес жолдасы, "Jetisu" телеарнасының директоры Серік Сарыбай.
Айтпақшы, Бейсен Құранбек бейнелген муралдың қасына жетісулықтар ерекше ілтипатпен еске алатын тағы бір жас батырдың суреті де таңбаланды. Ол 20 жастағы Олжас Құлжабеков есімді батыр еді. Олжас 2008 жылдың тамыз айында Қапшағай су қоймасында батып бара жатқан баланы құтқарып, өзі суға кеткен болатын. Жас жігіт қайтыс болғаннан кейін Президент Жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.
Қоғам • Бүгін, 22:39
Өндірістік жарақат азаймай тұр
Еңбек • Бүгін, 22:39
56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген
Білім • Бүгін, 22:35
Директорларды ротациялау: Артықшылығы мен кемшілігі
Білім • Бүгін, 22:29
Қоғам • Бүгін, 22:27
Қылмыс • Бүгін, 22:25
Тарих • Бүгін, 22:19
Симфонияға барғанда... немесе маэстро Коки Гонгуй Янг не дейді?
Өнер • Бүгін, 22:16
«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты
Кино • Бүгін, 22:14
Театр • Бүгін, 22:12
Әдебиет • Бүгін, 22:07
Әдебиет • Бүгін, 22:05
Әдебиет • Бүгін, 22:03
Поэзия • Бүгін, 22:00
Аймақтар • Бүгін, 21:58
Экология • Бүгін, 21:57
Жеңіл атлетика • Бүгін, 21:54
Жәдігер • Бүгін, 21:53
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 21:49
Спорт • Бүгін, 21:47
Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды
Спорт • Бүгін, 21:46
Қазақстан Ресейдегі Сауда өкілдігін жабуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 21:45
Қоғам • Бүгін, 21:38
Елордалық филармония көрермендерге 100-ден астам концерт ұсынады
Елорда • Бүгін, 21:22
«Халық қатысатын бюджет»: әкімдіктер өтініштерді қабылдай бастады
Елорда • Бүгін, 20:50
Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды
Қазақстан • Бүгін, 20:22
Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады
Қазақстан • Бүгін, 20:08
Астана мен Претория арасында әріптестік артады
Қазақстан • Бүгін, 19:42
ҚазҰУ мен Лондон университеттері арасында меморандумға қол қойылды
Қоғам • Бүгін, 19:07
Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады
Білім • Бүгін, 18:50
Өткен жылы бензин мен дизельдің рекордтық мөлшері өндірілді
Саясат • Бүгін, 18:37
Қазақстан FIDE-мен ынтымақтастықты нығайтады
Шахмат • Бүгін, 18:27
Ермек Көшербаев Ресейдің жетекші ЖОО басшыларымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 18:06
Қазақстан мен Әзербайжан өсімдіктерді қорғау саласында ынтымақтастықты нығайтады
Саясат • Бүгін, 17:54
Қазақстанда түсік жасататындар саны азайған
Қоғам • Бүгін, 17:46
Қазақстан Германияға мұнай жөнелте бастайды
Қазақстан • Бүгін, 17:33
«Balapan» телеарнасының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:27
Түркістан облысында 25 жыл бұрын хабарсыз кеткен шетелдік табылды
Оқиға • Бүгін, 17:23
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді
Теннис • Бүгін, 17:17
Елімізде «Жылу энергетикасы туралы» заң қабылданады
Заң • Бүгін, 16:56
Ұқсас жаңалықтар