Биыл Алматы облысындағы білім саласының бюджеті 314,2 млрд теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 108 млрд теңгеге артып отыр. Жалпы облыста әлеуметтік салаға бөлінген бюджет қаражатының 65 пайызы білім саласына бағытталған. Ал санаулы күндерден кейін басталатын жаңа оқу жылында 426 мыңнан астам бала білім бұлағына бас қоймақ. Демек, Жетісудағы оқушы саны 2019 жылмен салыстырғанда 16,6 мың балаға өсіп отыр. Ал 1 сыныпқа 48 мың бала қабылданады екен.

Еліміздегі эпидемиялық жағдайға байланысты балаларды төрт бағытта оқыту жоспарлануда. Яғни, оқушылардың 70 пайызы немесе 299 653 оқушыға білім беру платформасы интернет желісі арқылы жүргізіліп, оқумен қамтылатын болады. Ал 20 пайыз немесе 84 471 оқушы «Әл Фараби», «Еларна» республикалық телеарналары мен облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы білім алмақ. Бұған қоса шалғайдағы елді мекендерде орын тепкен шағын жинақты 138 мектепте санитарлық талаптарға сәйкес оқыту жүргізілмек. Нақтысы, облыс бойынша 7721 немесе 2 пайыз оқушы штаттық режімде оқиды. Сондай-ақ ата-аналардың өтініші негізінде 5214 кезекші сыныптар ашылып, бастауыш сыныптарда 34 792 бала білім алатын болады.
Биылғы оқу жылында Жетісу жеріндегі мектеп саны да көбеймек. Қазір мемлекет қолдауының нәтижесінде облыста 32 білім нысанының құрылысы жүруде. Оның ішінде 23 мектеп бар. Әрі 4 жатақхана салынуда. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде жалпы сомасы 27 млрд теңге болатын 1500 орындық тағы 6 мектептің құрылысы жоспарланған. Осы тізімдегі Талдықорған қаласында 288 орындық жатақхананың, Қарасай ауданы Әйтей ауылындағы 1200 орындық мектептің, Кеген ауданы Саты ауылындағы А.Түркебаев атындағы мектептің спорт және мәжіліс залдары мен ас әзірлейтін бөлігінің құрылысы толық аяқталды. Ал 1 қыркүйекте аймақта су жаңа 6 мектеп есігін айқара ашпақ. Атап айтқанда, Жамбыл ауданы Жайсаң ауылындағы 2600 орындық білім ошағы, Іле ауданы Түймебаев ауылындағы, Қарасай ауданының Шамалған стансасы мен Әйтей ауылындағы, Кербұлақ ауданының Қосағаш ауылындағы, Көксу ауданының Қызылтоған ауылындағы мектептер пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында және Ескелді ауданының Абай ауылында 480 орындық 2 мектептің құрылысы аяқталады. Сөйтіп, Жетісудағы жаңа мектеп саны биыл сегізге жетпек.
Айтпақшы, облыс бойынша 91 743 оқушы қашықтан білім алу үшін компьютерлік құралдарға мұқтаж. Демек жұрт көңілінде «Қашықтан оқуға қаншалықты дайынбыз?» деген заңды сауал туады. Осы сұрақты облыс әкіміне жолдаған едік. Мәлім болғандай, әкімдік мәселені шешуге білек сыбана кіріскен. Әсіресе, аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларды компьютерлік техникамен қамтамсыз ету мақсатында қосымша 75,6 мың компьютер сатып алынып, уақытша пайдалануға берілмек. Сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл үшін 12,5 млрд теңге қаралған. Қосымша мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында 20 мың компьютер сатып алынуда. Бұл іске меценаттар да көмек көрсетуге ниет білдіріп отырған көрінеді. Мәселен «Жас архитекторлар мен құрылысшылар» қоғамдық қоры облыстың аз қамтылған отбасылардың балалары үшін 150 компьютер құралдарын тегін бермек.
– Облыстағы санитарлық эпидемиялық жағдайға байланысты биылғы жаңа оқу жылы қашықтықтан оқыту форматында басталады. Бірақ қашықтан оқыту жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу ісіне ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол үшін біз барлық қажетті жағдайларды жасадық. Штаттық режімде білім беретін мектептерде қатаң санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Кіреберістерде залалсыздандыру төсеніштері, тепловизор, санитайзер және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа 226,9 млн теңге қаржы қаралған. Сондай-ақ оқушылар мен мұғалімдердің компьютерлік құралдарға қажеттілігіне, сонымен қатар интернет желісі тартылған елді мекендерге қатысты да мониторинг жүргізілді. Облыста компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген оқушылар үлесі 61 пайыз, яғни 242,7 мың шамасында. Ал мектептердегі 23 678 компьютер балаларға уақытша пайдалануға беріледі. Ал аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларды компьютерлік техникамен қамтамсыз ету мақсатында қосымша 75,6 мың компьютер сатып алынып, уақытша пайдалануға беріледі. Сатып алу жұмыстарына 12,5 млрд теңге қаралған. Оған қосымша мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында 5 млрд теңгеге 20 мың компьютер сатып алынады, – дейді облыс әкімі Амандық Баталов.
Әрине, осы жерде білім саласындағы цифрландыруға қатысты мәселеге назар аудару қажеттігі күн тәртібіне шығады. Қазір Алматы облысындағы білім беретін 41 625 мұғалімнің 96,4 пайызы жаңа технологияны толық меңгерген екен. Яғни, ұстаздардың компьютер мен интернетке қолжетімділігі осы шамада. Ал 3,6 пайыз мұғалімге бұл арман болып отыр. Және облыста 498 пән мұғалімі жетіспейді.
– Цифрландыру бағыты бүгінгі даму процесіне ерекше әсер етіп отыр. Бұл талап қазіргі жағдайда барлық салаға енгізілуде. Соның ішінде білім беру саласы да бұл жұмыстан тыс қалған жоқ. Bilimland.kz цифрлы ресурсы облыстағы 737 мектепте қолжетімді. Кең жолақты интернетке 752 мектеп, «Күнделік» жүйесіне 704 мектеп қосылған. Ал облыстағы 732 елді мекеннің он тоғызында интернет желісі жоқ. Жаңа оқу жылында аталған ауылдарда тұратын 886 оқушының ішіндегі 730 бала телеарна арқылы білім алып, қалған 156 бала штаттық режімде оқымақ. Интенеттің қолжетімділігі де назардан тыс қалған жоқ. «Қазақтелеком» компаниясы арқылы 98 мектептің интернет жылдамдығы 4 Мбит-тен 8 Мбит-ке дейін ұлғайтылмақ. Сондай-ақ интернет желісіне қосылу үшін оқушыларға 43 мың роутер құрылғысын сатып алу жоспарланып отыр. Жалпы облыста жаңа оқу жылында балаларды компьютер және интернет желісімен қамту мәселелерін шешу үшін барлық жағдай жасалуда, – дейді облыс басшысы Амандық Баталов.
Қалай болғанда да қашықтан оқу шалғай аудандарға оңай болмайтын түрі бар. Әсіресе, білім алуға қажетті құрылғылармен қамту және интернет байланысының нашар болуы ауыл ұстаздары мен оқушыларына сын болғалы тұр. Өкінішке қарай, дәл осы мәселе Алматы қаласының іргесіндегі Іле ауданы аумағындағы мектептерде де кездесіп отыр. Мәселен, Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты №44 орта мектептің мұғалімдері ерекше алаңдаулы. Өйткені, бұл мектепте негізінен саяжай тұрғындарының балалары білім алады екен. Әрі бала саны жоғары. Мектеп 600 орындық болғанымен, оқушы саны 2 мыңның үстінде екен.
– Жаңа оқу жылында оқушы саны 2600 балаға жетеді деп отырмыз. Қазір 1 сыныпқа 355 бала онлайн өтініш білдірді. Жаңа оқу жылында мектепте 145 бала кезекші сыныпта оқуға өтініш білдірді. Нақтылап айтсақ, 1 сыныптарда 130 бала, 2 сыныптарда 15 бала кезекші сыныптарда оқитын болып отыр. Ал қалған оқушылар қашықтан оқиды. Қашықтан оқитын оқушылар үшін саяжайлардағы интернет байланысының нашарлығы қиындық туғызуда. Мектептен көпбалалы, аз қамтылған отбасы балаларына компьютер берілуде. Алайда, интернет нашар болса, компьютерден не пайда? Кезекші сыныптарға кабинеттер дайындалып, мұғалімдер бекітілді, – дейді мектептің оқу ісінің меңгерушісі Ақылбек Солтанқұлов.
Алматы облысы
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Кеше
Қазақстан • Кеше
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Кеше
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Кеше
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Кеше
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Кеше
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Кеше
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Кеше
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Кеше
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында каналда балық аулауға тыйым салынады
Аймақтар • Кеше
Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына иелік етті
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде су тасқынынан 20 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Lexus көлігі жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті
Аймақтар • Кеше
Боралдай ауруханасының дәрігерлері антына берік
Медицина • Кеше
Алматыда карантинді бұзған нысандар белгілі болды
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1222 науқас коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 2842 адамда коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Әйелдер күресіне жерлестерімізге жалғыз жолдама бұйырды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Зооволонтерлердің бастамаларын қолдауға қанша грант бөлінді?
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • 10 Сәуір, 2021
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • 10 Сәуір, 2021
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • 10 Сәуір, 2021
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • 10 Сәуір, 2021
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • 10 Сәуір, 2021
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • 10 Сәуір, 2021
«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығы құрылатын болды
Үкімет • 10 Сәуір, 2021
«Mega Silk Way» сауда орталығында індетке қарсы вакциналау басталды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • 10 Сәуір, 2021
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Нұрсұлтан Тұрсынов Алматыдағы турнирдің жеңімпазы атанды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Риддерде жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Аида Балаева журналистермен этносаяси сауаттылықты дамыту қажеттілігін талқылады
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • 10 Сәуір, 2021
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • 10 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар