Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1076 материал табылды

Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

COVID-19: Кегеннен - 6, Талдықорғаннан - 1 науқас анықталды

Бүгін Алматы облысында 7 адамнан коронавирус анықталды. Індет жұқтырған 1 науқас Талдықорған қаласының және 6 науқас Кеген ауданының тұрғындары екен.

Руханият • 14 Мамыр, 2020

Мұқтажды демеп, көрсетті көмек

«Biz birgemiz» акциясы аясында мұқтаж жандарға қайырым жасау ісі Алматы облысында толастаған жоқ. Жақында осындай игі шара Кербұлақ ауданында жалғасып, көмек қажет ететін 200 отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды.

Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Қызылағаштықтар Мақтааралға 1,5 млн теңгеге гуманитарлық көмек жіберді

Топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына көмек қолын созғандар қатарына Ақсу ауданының Қызылағаш ауылының тұрғындары да қосылды.

Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Жетісу жұрты Мақтааралдағы ағайынға жылу жинап жөнелтті

Бүгін Алматы облысынан жолға шыққан жүк керуені Түркістан облысының Мақтаарал ауданына келді. Өңірге 15 жүк көлігіне тиелген 260 тонна гуманитарлық көмекпен бірге жетісулық ағайынның топан су зардабын шеккен оңтүстік жұртына жолдаған ыстық сәлемі де жетті.

Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Жаһан жанарындағы Жетісу жауһарлары

Жетісу өлкесін жер жәннаты деп бекер атамаса керек. Тұмса табиғаты көз жауын алатын аймақ әлі-ақ әлем туризмінің отанына айналары анық. Қазірше жаһан жұртының назарына Жетісу жауһары жайында жағымды хабар жеткізіп, жарнамалау ісі жүріп жатыр.

Білім • 13 Мамыр, 2020

Қашықтан оқу: телеарна терең білім бере ме?

Алматы облысындағы 760 мектепте 411 036 оқушы білім алады. Бүгінде барлық білім ошақтары төтенше жағдайға қатысты қашықтан оқытып жатыр. Дерек бойынша «Балапан» және «Еларна» арналары арқылы оқитын оқушылардың мұғалімдермен кері байланысы үшін қажетті компьютер, ноут­бук, планшет, смартфонмен 93 пайызға қамтылған.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

«Қарапайым заттар» экономикасына арқа сүйейтін уақыт келді

Кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты құрылған комиссия отырысында короновирус пандемиясы салдарынан туындаған қиындықтарды шешу бойынша елімізде істелген нақты іс-шара бағыттарын қорытындылап, жария етті.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Жетісуда жастарды жұмыспен қамтыған 137 жоба жүзеге асты

Биыл Алматы облысында ашылатын жұмыс орынының саны 22,8 мыңға жетеді деген болжам бар. Бұған «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша жүзеге асатын 977 жобаның нәтижесінде қол жетпек. Қазір осы мақсатқа 109,2 млрд теңге қаражат бөлінген.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Алматы облысы: Қандай орындар қызмет көрсетуде?

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған мәлімдесінен кейін Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы қабылдады. Онда облыстың аумағында үшінші сатыны іске асыру кезеңінде карантин және карантиндік шараларды босаңдату мен жеңілдету шарттары белгіленген.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Батыл бозбала Қора өзеніне құлаған қызды ажалдан құтқарды

Текелі қаласын қақ жарып ағатын Қора өзенінің суы бастауын Жоңғар Алатауының сілемдерінен алатындықтан ағысы қатты әрі тастай суық келеді. Арынды арна айналасы көрікті келгендіктен қазіргідей көктемгі кезеңде мұнда табиғатты тамашалауға келетіндер қатары көп. Абайсызда қауіп те туындайтыны бар. Сондай оқиға кеше болыпты. Өзен жағасында жүрген 3 жасар қыз суға құлап кеткен екен.