Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Жетісуда жастарды жұмыспен қамтыған 137 жоба жүзеге асты

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Алматы облысында ашылатын жұмыс орынының саны 22,8 мыңға жетеді деген болжам бар. Бұған «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша жүзеге асатын 977 жобаның нәтижесінде қол жетпек. Қазір осы мақсатқа 109,2 млрд теңге қаражат бөлінген.

Жетісуда жастарды жұмыспен қамтыған 137 жоба жүзеге асты

Жаңадан ашылатын жұмыс орындарының 1,8 мыңы тұрақты еңбек нарығына үлес қоспақ. Ал облыстағы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 10,5 мың адам жұмыспен қамтылады екен. 

- Бүгінге дейін 294 жоба бойынша 3352 жұмыс орны құрылылды. Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1676 адам жұмыс тапты. Оның  410 жұмыссыз жас еңбекпен қамтылды. Яғни, жас мамандарға арналған 137  жоба нәтижелі жүзе асты, - дейді Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Жақсыбаева.

 

 

Алматы облысы