Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1130 материал табылды

Білім • 13 Мамыр, 2020

Қашықтан оқу: телеарна терең білім бере ме?

Алматы облысындағы 760 мектепте 411 036 оқушы білім алады. Бүгінде барлық білім ошақтары төтенше жағдайға қатысты қашықтан оқытып жатыр. Дерек бойынша «Балапан» және «Еларна» арналары арқылы оқитын оқушылардың мұғалімдермен кері байланысы үшін қажетті компьютер, ноут­бук, планшет, смартфонмен 93 пайызға қамтылған.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

«Қарапайым заттар» экономикасына арқа сүйейтін уақыт келді

Кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты құрылған комиссия отырысында короновирус пандемиясы салдарынан туындаған қиындықтарды шешу бойынша елімізде істелген нақты іс-шара бағыттарын қорытындылап, жария етті.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Жетісуда жастарды жұмыспен қамтыған 137 жоба жүзеге асты

Биыл Алматы облысында ашылатын жұмыс орынының саны 22,8 мыңға жетеді деген болжам бар. Бұған «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша жүзеге асатын 977 жобаның нәтижесінде қол жетпек. Қазір осы мақсатқа 109,2 млрд теңге қаражат бөлінген.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Алматы облысы: Қандай орындар қызмет көрсетуде?

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған мәлімдесінен кейін Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы қабылдады. Онда облыстың аумағында үшінші сатыны іске асыру кезеңінде карантин және карантиндік шараларды босаңдату мен жеңілдету шарттары белгіленген.

Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Батыл бозбала Қора өзеніне құлаған қызды ажалдан құтқарды

Текелі қаласын қақ жарып ағатын Қора өзенінің суы бастауын Жоңғар Алатауының сілемдерінен алатындықтан ағысы қатты әрі тастай суық келеді. Арынды арна айналасы көрікті келгендіктен қазіргідей көктемгі кезеңде мұнда табиғатты тамашалауға келетіндер қатары көп. Абайсызда қауіп те туындайтыны бар. Сондай оқиға кеше болыпты. Өзен жағасында жүрген 3 жасар қыз суға құлап кеткен екен.

Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Алматы облысы: Карантин шектеуі мамыр айының соңына дейін жалғасады

Бүгін Алматы облысында жұқпалы індет белгісі тіркелмеді. Ал бұғанға дейінгі дерек бойынша 183 адам коронавирус диагнозымен оқшауланған. Осы сәтке дейін 87 науқас оңалып, ауруханадан шықты.

Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Ресейден оралған жетісулық студенттерден індет белгісі анықталмады

Бұған дейін  Ресейден оралған жетісулық 102 студенттің Қапшағай маңына оқшауланғанын жазған едік. Олардың бәрі коронавируска қарсы сараптама тапсырып, бақылаудан өтті.

Аймақтар • 10 Мамыр, 2020

COVID-19: Жетісуда індеттен жазылғандар саны 70 адамға жетті

Осы сәтке дейінгі мәлімет бойынша Алматы облысында коронавирустан айыққандар саны 70 адамға жетті. Оның ішінде 7 науқас бүгін оңалып, ауруханадан шыққан.

Аймақтар • 10 Мамыр, 2020

Алматы облысы: 171 973 адам коммуналдық қызмет шығынын өтеуге өтініш берді

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша төтенше жағдай кезіндегі коммуналдық қызмет төлемдерін өтеу мен жеңілдік жасау ісі жалғасып жатыр. Нәтижесінде, карантин енгізілген елді мекен тұрғындарынан қабылданған өтініш негізінде шығын есептеліп, шыққан сома айырмасы екі ай ішінде өтелетін болады.

Аймақтар • 10 Мамыр, 2020

Алматы облысы: Ресейден оралған 102 студент Қапшағай маңына оқшауланды

Бүгін Ресей елінің түрлі жоғары оқу орындарында оқитын жетісулық 102  студент мінген ұшақ Алматы әуежайына қонды. Олар Томск қаласының әуежайынан ұшқан арнайы рейс арқылы елге оралды.