Аймақтар • 10 Мамыр, 2020

Алматы облысы: 171 973 адам коммуналдық қызмет шығынын өтеуге өтініш берді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша төтенше жағдай кезіндегі коммуналдық қызмет төлемдерін өтеу мен жеңілдік жасау ісі жалғасып жатыр. Нәтижесінде, карантин енгізілген елді мекен тұрғындарынан қабылданған өтініш негізінде шығын есептеліп, шыққан сома айырмасы екі ай ішінде өтелетін болады.

Алматы облысы: 171 973 адам коммуналдық қызмет шығынын өтеуге өтініш берді

Бұл жұмыс Алматы облысында да жүзеге асуда. Қазірге дейін коммуналдық шығын үшін өтемақы алуға өтініш берген 171 973 тұрғынның өтініші тіркелді. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 7,5 млрд теңге қаржы қарастырылған екен. Ал Президенттік қолдау бағыты бойынша бөлінген қаражат 138 түрлі коммуналдық қызметті шығынын өтеуге жұмсалмақ. Яғни, өтініш берген әрбір тұрғынның өтінші қаралып, тексеруден өткеннен кейін төлемақыға 15 000 теңге көлемінде ақша беріледі.

Айтпақшы, Алматы облысында тұрғындардың өтініш онлайн қабылдау үшін zhetysu.komek109.kz сайты іске қосылған болатын. Қазірге дейін облыстың 5700 азаматы осы сайт арқылы өтініш білдіріпті.

- Азаматтардың өтіншін қабылдау онлайн негізде жүзеге асуда. Арнайы сайтқа тіркелген деректерді операторлар күн сайын түнгі сағат 24.00 болғанда сақтап, аудан, қала әкімдіктеріне жіберіп отырады. Одан кейін жергілікті орган қызмет көрсетушілермен бірге көмек алушылардың тізімін нақтылайды. Шыққан шешім негізінде шығын есептеліп, төлемақы екі ай ішінде өтеледі, - дейді Алматы облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекенов.

 

 

Алматы облысы