Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1077 материал табылды

Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2019

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Жетісу жерін аралады. Алматы қаласы ма­ңын­дағы аудандардың ты­ныс-тіршілігімен таныс­қан Үкімет басшысы Тұңғыш Президент – Ел­басы Нұр­сұлтан Назар­баев баста­машы болған «Нұрлы жол», «Нұр­лы жер», Ин­дус­триялық-инно­вациялық даму мем­лекет­тік бағдарламалары аясын­дағы инвестициялық жоба­ларды іске асыру бары­­сымен, сондай-ақ Мем­лекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев­тың өңір экономикасын да­мы­ту жөніндегі тапсырма­ларының орындалуымен танысты.

Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2019

Cалық қызметшілері сындарлы қоғамдық диалог жайын талқылады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылады.

Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2019

Мәдениет қызметкерлері мұқтаж отбасыларға баспана сыйлады

Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрында Жетісудағы мәдениет маусымының ашылу салтанаты өтті. Осы шара барысында Алматы облысының мәдениет саласының қызметкерлері, журналистер мен ақын-жазушылар аудандарда тұратын көпбалалы аналарға тұрғын үй кілтін табыс етті.

Руханият • 22 Қыркүйек, 2019

Талдықорғанда Абайға арналған республикалық байқау өтті

Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастыратын дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы биыл Талдықорған қаласында өтті.

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2019

Жетісуда медициналық жабдықтармен қамту жолға қойылды

Жетісу өңірінің тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету бағытындағы жұмыстар нәтижелі болып отыр. Қазіргі күні Алматы облысында 806 медициналық мекеме, оларда 5 мыңдай дәрігер медициналық қызмет көрсетеді.

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2019

Картоп өсірумен даңқы шыққан нарынқолдықтар табысқа кенелуде

Ежелден картоп өсірумен даңқы шыққан Нарынқол өңірінің шаруалары биыл да табысқа кенелуде. Жеке аудан болып құрылғанына жылдан аса уақыт болса да, Райымбек өңірінде осы картап егістігінің көлемі 10 есеге өсіпті. Бұл жергілікті жұрттың жаппай жер еміп, несібесін еңбектен табуға жұмылғанын көрсетеді. Қазір ауылдағы ағайын картоп егістігінің көлемін 700 гектарға ұлғайтып, жиналатын өнімді 380 центнерге дейін жеткізіп отыр.

Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2019

Теміржол бойындағы апаттан 1 адам мерт болды (видео)

Алматы облысындағы Шамалған теміржол стансасында апатты оқиға болды.Куәгерлердің айтуынша, теміржол көпірінен өтіп бара жатқан автобус жолаушылар пойызымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобус шопыры мерт болып, бірнеше адам жарақаттанған.

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2019

Демографиялық дүмпу мен миграциялық ахуал Алматы облысында мектеп жетіспеушілігіне себеп болуда

Алматы облысындағы демо­графиялық дүмпу мен мигра­циялық ахуал аймақтағы әлеу­меттік қызметтік көрсету нысандарына деген сұранысты жыл сайын арттырып келеді.

Аймақтар • 30 Тамыз, 2019

Тоғызбұлақтан табылған тайқазан

Ерте көктемде жер жыртып жүрген кегендік диқандар көне заманғы жәдігер тауып алған еді. Тоғызбұлақ ауылы аумағынан шыққан олжа жайында ауыл адамдары «National Geographic Qazaqstan» журналының жетекшісі Мақсат Ясылбайұлына хабарлапты.

Аймақтар • 30 Тамыз, 2019

Қазына қоймасы

Қазіргі кезде әлемде кітап оқу жөнінен бірінші орында – ағылшындар, екінші орында – немістер, үшінші орында – америкалықтар, төртінші орында жапондар тұр екен. Өкінішке қарай, ғаламшардың оқу «соққан» тұрғындарының қатарынан қазақтарды іздеуге әлі ерте. Деректер ел тұрғындарының 57 пайызы ғана тұрақты түрде кітап оқитынын айғақтайды.