Жәдігер • 19 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан» акциясы аясында туған жерін тазалап жүрген жастар үлкен олжаға кенелді. Жаңатас қаласының жастары шамамен 3,5-4 мың жыл бұрын тасқа қашап салынған таңбалы жартас тауып алды. Дерекке сенсек, тарихи мұрадағы петроглифтер қола дәуірі адамдарының қолтаңбасы екен.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2024
15 сәуірде әлеуметтік желіде «Жасөркен аулын су басты» деген ақпарат тарап кетті. Бірнеше өңірді су басып жатқандықтан, ауыл тұрғындары үрейге бой алдырғандай көрінді. Ал, шын мәнінде, күні бойы жауған нөсер жауын салдарынан Жасөркен аулындағы отыз аулаға су кіріпті. Келген судың биіктігі қауіп төндірерліктей деңгейде емес.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2024
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза ауыл. Таза өлке. Таза ел» акциясы басталды. Ел бойынша қолға алынған іс-шараға өңір тұрғындары белсене қатысып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылып жатқан бастама бірнеше апта бойы жалғасын таппақ.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Түн жарымында әлеуметтік желіде Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылын су басты деген ақпарат тарады. Әйткенмен, жағдай әлеуметтік желі қолданушылары таратқандай ушықпаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Қарғын судан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберуді жамбылдық азаматтар кісілік парызы санап отыр. Ел басына түскен қиындықты бөлісуге ниеттілер саны күн өткен сайын көбейгені көңіл қуантады.
Жоба • 12 Сәуір, 2024
Жастарды қолдау мақсатында кейінгі бірнеше жыл бедерінде өңірде көптеген жоба жүзеге асырылып жатыр. Әсіресе ғылым мен кәсіпкерлікке бет бұрған жас толқынға жергілікті атқарушы билік тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық аз емес. Түрлі грантқа қол жеткізіп, қолдаудан қуат алып жүрген жастар да жаңа жобаларын жүзеге асырып, табыс тауып жүр.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2024
Көлеңкелі экономикамен күрес жұмыстары жыл өткен сайын қарқынды жүргізіліп жатқанына қарамастан, заңсыз тауар айналымы толастар емес. Акцизделетін өнімнің заңсыз айналымы өңірде де өршіп кеткен болатын. Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті контрафактілік алкоголь және темекі өнімдерінің көлеңкелі айналымымен тоқтаусыз күресіп жүр. Нәтижесінде, заңсыз кәсіпті игергендер қолға түсіп жатыр.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2024
Жамбыл облысындағы Киров, Тасөткел, Теріс-Ащыбұлақ су қоймалары өңірдегі – ең ірі нысандар. Осы су қоймалары ернеуінен асса, жағдай ушығатыны айқын. Қазіргі кезде бұл нысандарға қанша көлемде су келіп жатыр? Тұрғындарды осы мәселе алаңдататыны даусыз.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Кейінгі жылдары техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарына айрықша назар аударылып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында да бұл мәселеге айрықша ден қойып, жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Медицина • 03 Сәуір, 2024
Медицина саласын дамытуға билік тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатқаны рас. Жыл өткен сайын дәрігерлердің жалақысы да еселеніп артып келеді. Оны жамбылдық дәрігерлер де айқын сезініп отыр. Өңірде 16 мыңға жуық медицина қызметкері бар болса, оның 3 500-ге жуығы дәрігерлер екен. Өткен жылдың соңындағы дерек осылай дейді. Бір қарағанда дәрігерлер де, орта буын мамандары да жеткілікті сияқты көрінеді.