Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2 материал табылды

Руханият • 10 Маусым, 2019

Маусым ереуілі. Естелік эсседен үзінді

Сейсенбі, 19 маусым күні таңертеңгі тоғыздар шамасында мен «Мелодия» дү­ке­нінің алдындағы балалардың ойын алаңына (қазіргі «Ramada Plaza Astana» қо­нақүйі тұрған жер) келдім. Жексенбі күнгі келісім бойынша, сейсенбідегі қар­сы­лық шеруі осы жерден басталып, орталық алаңда жалғасуға тиіс еді. Мен келгенде бала­лардың ойын алаңында біршама адам жина­лып қалыпты. Бара-бара адамдардың қа­расы көбейіп, алаңға сыймай кетті. Бүгін қар­сылық ше­руі­не шыққандар тек студент-жас­тар ғана емес еді. Алғашқы студенттер шеруінен бергі өткен төрт күн ішінде Қазақстан аума­ғында, қасиетті қазақ жерінде неміс авто­номиялық облысы ашылғалы жат­қа­ны­нан хабардар болып үлгерген зауыт-фабри­ка­лар­­дың жұмысшылары, қарапайым қала тұр­ғындары көптеп шыққан екен. Орта­ла­рын­да кеуделері ордендер мен медаль­дар­ға тол­ған абыройлы ақсақалдар мен ардақ­ты ана­лар да баршылық.

Тарих • 07 Маусым, 2019

Маусым ереуілі (Естелік эсседен үзінді)

1979 жылғы 16 маусымдағы неміс автономиясының құрылуына қарсы ұйымдастырылған бүкілхалықтық қарсылық шеруіне – 40 жыл толды.