Елорда • 08 Желтоқсан, 2022
Елордада жаңа форматтағы 24 мектеп ашылады
Астанада Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеудің қатысуымен мәслихат депутаттарының жиналысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 08 Желтоқсан, 2022
Сеулде «Алматы – ұлы даланың інжу-маржаны» көрмесі ашылды
Сеул тарихы мұражайында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай «Алматы – ұлы дала інжу-маржаны» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2022
ҰҚК заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру арнасының жолын кесті
2022 жылы шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 08 Желтоқсан, 2022
Астанада қол добынан республикалық турнир өтіп жатыр
Елордадағы «Әл-Фараби» атындағы оқушылар сарайында 2008 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар командалары арасында қол добынан «Астана кубогы» үшін және ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Ербол Іргебайды еске алу мақсатында Республикалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 08 Желтоқсан, 2022
12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
12 желтоқсанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 08 Желтоқсан, 2022
«Қазақстан темір жолы» түбегейлі реформаларға мұқтаж - сенатор
Сенатор Бауыржан Қаниев еліміздің теміржол саласын реформалау қажет деп санайды. Депутат Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында еліміздегі теміржолдың проблемаларын айтып, оларды шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2022
Ауыл тұрғындары емделу үшін қалаға баруға мәжбүр - сенатор
Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау мәселелерін Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында сенатор Амангелді Толамисов көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Желтоқсан, 2022
Мәулен Әшімбаев: Жаңа заң жастарды қолдауға арналған
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың Төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын қызметінен босату және жаңа Төрағаны сайлау туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қарады. Сондай-ақ олар Парламент Сенатының депутаты Нариман Төреғалиевтің өкілеттігін тоқтату туралы мәселені қарады және бірқатар заң қабылдады. Отырыс барысында сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын да жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 08 Желтоқсан, 2022
Елордада оқушы мектепке «мина қойылғанын» хабарлаған
Елордада жасөспірім полицияға мектепте «мина қойылғаны» туралы жалған ақпарат берген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2022
Отбасының цифрлық картасы арқылы 11,7 мың адамға қызмет көрсетілді
«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесін пилоттық режимде енгізудің арқасында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 51 мың адамға мемлекеттік көрсетілген қызметтер белсенді көрсетілуі үшін SMS жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 11,7 мың адам пайдаланды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.