Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау мәселелерін Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында сенатор Амангелді Толамисов көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатордың пікірінше, ауылдық медициналық мекемелердің барлық проблемалары елдегі емханалар мен ауруханалардың дұрыс қаржыландырылмауының салдарынан болып отыр.
«Жыл сайынғы бюджетті бекіту кезінде Үкімет 2021 жылғы нақты тапшылықпен нақты шығындар бойынша есептеулер жүргізген, айқын тапшылықтар байқалады. Өкінішке қарай, Денсаулық сақтау министрлігі де, ӘМСҚ да осы уақытқа дейін бұл қаражаттың ұлғаюына қол жеткізген жоқ. Соның салдарынан осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруда күрделі жағдай қалыптасты. Бастапқыда міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге бөлінген қаражат көлемі 2022 жылы медициналық ұйымдар мәлімдегеннің 70-77%-ын құрады. Қазіргі жағдайда денсаулық сақтау ұйымдары еңбекақы төлеу бойынша, салықты уақытылы төлеуде, дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алуда, коммуналдық қызметтерді төлеуде қиындықтарға тап болуда», деп атап өтті Амангелді Толамисов.
Сенатор денсаулық сақтау саласындағы ауылдық емханалардың техникалық жарақтандырылуын да өзекті мәселе екенін атап өтті. Аудандық медицина ұйымдарының теңгеріміндегі автокөліктердің 80%-ы техникалық жағынан ескірген.
«Ауылдық жердегі көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімсіздігі мен мамандардың тапшылығынан ауыл халқы жаппай ағайын-туыс жағалап, қалаға келіп емделуге мәжбүр болып жүр. Осы орайда, амбулаториялардың, акушерлік пункттер бойынша, жедел жәрдем көліктері бойынша, жалпы, алғашқы медициналық көмек көрсету жүйесін жақсарту бойынша Үкімет жедел шаралар қабылдау керек деп есептеймін», деп атап өтті ол.
Саяси додаға мониторинг жүргізіледі
Үкімет • Бүгін, 00:14
Үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы
Қазақстан • Бүгін, 00:13
Еңбек тәртібін реттейтін құжат
Үкімет • Бүгін, 00:11
Саясат • Бүгін, 00:08
Партия филиалдарының ұйымдастыру жұмысы
Сайлау • Бүгін, 00:05
Елеусіз қалған елді мекендер көгілдір отынға жарымай отыр
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
«Digital Almaty» халықаралық форумы басталды
Форум • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қаржы • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ділгір құралға қол жеткізудің жолы
Қоғам • Кеше
Азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр
Сауда • Кеше
Ерекше перзентті оңалту да, оқыту да оңай емес
Отбасы • Кеше
Арнайы білім мекемелеріндегі ахуал
Білім • Кеше
Өңірлік университеттегі өмірлік дау
Университет • Кеше
Халық • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Келешектің инновациялық бағдары
Бағдарламалар • Кеше
Теннисшілердің төртінші мүмкіндігі
Теннис • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Әбігерге түсірген толассыз жауын
Төтенше жағдай • Кеше
Спорт • Кеше
Хоккей • Кеше
Өзбек тіліндегі қазақтың 100 өлеңі
Өнер • Кеше
Кино • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматыда мейрамхана аспаздары есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада есірткі қылмысына қарсы акция өтті
Елорда • Кеше
Шымбұлақ шатқалында сайға құлаған жігіт құтқарылды
Қоғам • Кеше
Астанада өнеркәсіп қалай дамып жатыр?
Елорда • Кеше
Цифрлы технологияларды енгізетін кәсіпорындардың шығыны өтеледі
Технология • Кеше
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысынан фоторепортаж
Фотогалерея • Кеше
Ұқсас жаңалықтар