Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6713 материал табылды

Парламент • 02 Наурыз, 2021

Сенаторлар мемлекеттік органдардың көктемгі су тасқынына дайындығын талқылады

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Кездесуге қатысушылар Төтенше жағдайлар министрлігі мен жекелеген өңірлердің күштері мен құралдарының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 02 Наурыз, 2021

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің дипломаттары Әлихан Бөкейхановты еске алды

Тоталитарлық режимнің құрбандары тұтас халықтар да, сонымен қатар, қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" партиясы көшбасшыларының бірі, ғалым, публицист Әлихан Бөкейханов сияқты жеке тұлғалар да болды. Бүгін оның 155 жылдығына арналған еске алу шарасы аясында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің дипломаттары Донской зиратындағы сталиндік репрессия құрбандары жерленген ортақ қабірге гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындау • 02 Наурыз, 2021

Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Нұркен Өтеуіл Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театр директорының шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан • 02 Наурыз, 2021

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл

1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған ел тарихындағы маңызды оқиғаға толы күн. 29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-ші мүше-мемлекет атанды. 1945 жылы құрылған ол 76 жыл өтсе де бүгінде баламасыз әмбебап жаһандық ұйым болып қала береді және бүкіл адамзаттың мүддесі мен қажеттілігіне аянбай қызмет етіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 02 Наурыз, 2021

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өткелдерде болатын проблемалық мәселелер реттеледі

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өткелдерде көлік құралдары мен вагондар тұрып қалатын проблеманы реттеу ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтің ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Ван Шоувэньмен екіжақты келіссөздерінде басты тақырып болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 02 Наурыз, 2021

Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады

ҚХР-мен шекаралас станциялардағы жағдай күрделі күйінде қалуда. Ковидке қарсы қатаң шектеу шараларға қатысты көрші ел жүк тиелген вагондарды қабылдамайды. Тастап кетілген пойыздар саны өсуде, бұл Қазақстанның магистральдық желісінің өткізу қабілетіне теріс әсер етуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындау • 02 Наурыз, 2021

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мұрат Баритұлы Теміржанов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Саясат • 02 Наурыз, 2021

Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастарға - 29 жыл

Түркияның Қазақстандағы елшілігі Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 29 жылдығына орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 02 Наурыз, 2021

Елордалық мұғалімдердің COVID-19-ға қарсы вакцина қабылдағаннан кейінгі жағдайы қандай?

Мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін 1 наурыздан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды. КВИ-дан алғашқы екпені елордалық №27 және №50 мектептердің мұғалімдері алды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент • 02 Наурыз, 2021

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді

Шағын және кеңейтілген құрамдағы екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.