Аймақтар • 17 Наурыз, 2021

Павлодарда ауыл тұрғынынан тіркелмеген қару тәркіленді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының Шарбақты ауданында ауыл тұрғынынан тіркелмеген қару тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда ауыл тұрғынынан тіркелмеген қару тәркіленді

«Шарбақты ауданы Назаровка ауылының тұрғыны өз үйінің қоймасында 16 калибрлі «ТОЗ БМ» маркалы мылтықты заңсыз сақтаған. Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) бойынша әкімшілік іс қозғады. Алынған қаруға баллистикалық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», деді Павлодар облысы Шарбақты аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Мұқанов.