Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6640 материал табылды

Аймақтар • 26 Қараша, 2020

Шымкентте жаңа кәріз тазалау имаратының құрылысы басталады

Шымкент қаласында кәріз тазалау имаратының қуаттылығын қосымша 50 мыңға көтеру жобасын іске қосу жоспарлануда. Жобалау құжаттары әзірленген. Биыл желтоқсан айында сараптама қарауына жолданады және 2021-2022 жылдары құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы басшысы Жолшыбек Шайхсламов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туризм • 26 Қараша, 2020

"Kazakh Tourism" туризм бойынша онлайн академия ашады

Соңғы жылдары ел тұрғындары арасында Қазақстанның туристік объектілеріне деген қызығушылық өсуде, бұл қарқын әсіресе пандемия кезінде халықаралық шекаралар жабылуына орай ерекше байқалды. Қазақстандықтар экологиялық, этнографиялық, шипажайлық-курорттық  және де туризмнің басқа да бағыттары бойынша саяхаттау мүмкіндіктерін қарастыруда. Ал бұның есесіне аталмыш орындарда көрсетілетін қызмет сапасына деген талап та өсе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 26 Қараша, 2020

Сенатор: Кітаптар мен қолжазбаларды цифрландыру ісі сын көтермейді

Қазіргі таңда елімізде кітапханалардағы кітаптарды және архивтердегі құжаттар мен жазбаларды сақтау, цифрландыру ісінде айтарлықтай олқылықтар бар. Сенатор Нұртөре Жүсіп Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған депутаттық сауалында осы мәселені көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 26 Қараша, 2020

Сенатор тарихи Қапал ауылын сақтау мәселесін көтерді

Сенатор Бақытжат Жұмағұлов Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. Онда жер жәннаты Жетісу жерінде, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, тарихы тереңнен тамыр тартатын Қапал ауылының бүгінгі жай-күйіне қатысты мәселе көтерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 26 Қараша, 2020

"Нұрлы жер" бағдарламасының жартысынан көбі игерілмеген - сенатор

Сенатор Андрей Лукин «Нұрлы жер» қол жетімді тұрғын үй салу мемлекеттік бағдарламасын іске асыру көрсеткіштеріне күмәнданатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Парламент • 26 Қараша, 2020

Сенаторлар жол сапасын жақсарту үшін бақылауды күшейтуді ұсынды

Сенат Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров және сенаторлар Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов еліміздегі маңызды автожолдардың сапасына, сондай-ақ, осы саладағы өзекті проблемаларға Үкімет басшысының назарын аударды. Депутаттар сауалында жыл сайын жолдардың жөнделуі мен күтімі үшін бөлінетін қомақты қаражат та сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 26 Қараша, 2020

Елордада игі істер эстафетасы жалғасуда

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында елордада "30 игі іс" ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 26 Қараша, 2020

Сапархан Омаров ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізді

"Қоғам және мемлекет: "Birgemiz" серіктестік пен дамудың 30 жылы" IX Азаматтық форумы аясында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров "Қазақстанның АӨК экспорттық саясатын жаңғырту" тақырыбында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 26 Қараша, 2020

Армия спортшылары ел біріншілігінде 9 медаль олжалады

Шымкентте оқ атудан Қазақстанның чемпионаты өтуде. Орталық спорт клубының қоржыны 2 алтын, 3 күміс пен 4 қола медальмен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Парламент • 26 Қараша, 2020

Шетелдік еңбекшілер зейнетақы жүйесіне қалай қатысады?

Парламент Сенатының депутаттары пленарлық отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді қарап, оны ратификациялауды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.