Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2023
Маңғыстауда бір тәулік тұрмастан жаңажылдық шырша құлап қалды
Шетпе ауылының тұрғындары құлап қалған шыршаны видеоға түсіріп алған. Маңғыстау облыстық ішкі саясат және тілдерді дамыту басқармасы бұл оқиға ауа райының қолайсыздығына байланысты болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Чех Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Прага қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Чех Республикасының Президенті Петр Павелге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 22 Желтоқсан, 2023
Астанада тағы бір мектеп ашылды
Астанада Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің жанынан жаңа ғимарат ашылды. Ашылу салтанатына қамқоршылық кеңестің өкілдері, педагогтер, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты. Қабылданған шаралардың арқасында мектепке түсетін артық жектеме азайып, білім мекемесінің үш ауысымды проблемасы шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
Мәулен Әшімбаев «Алаш пен Манас» атты шығармашылық кешке қатысты
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы Баянғали Әлімжановтың «Алаш пен Манас» атты шығармашылық кеші өтті. Іс-шараға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
FlyArystan 3000-нан астам билетті жеңілдікпен ұсынды
Қазақстан лоукостері FlyArystan халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында өзінің коммерциялық рейстеріне жеңілдік беретін «Көмек» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жобасын ресми түрде 2024 жылы 1 ақпанда іске қосылатынын хабарлады.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
Қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға: Салтанат Нүкенованың қайтыс болғанына 40 күн болды
Астанадағы ресторандардың бірінде соққыға жығылып, қайтыс болған Салтанат Нүкенованың өмірден қайтқанына 40 күн толды. Оның 40 күндік асы ертең Павлодар қаласында беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
Ұлу жылы: 2024 жыл қандай болады?
Шығыс жылнамасына сәйкес келесі жылдың иесі – ұлу. Халық арасында ұлу жылы өте жайлы, жақсы жыл болады деген сенім бар. Бейбіт өмірді сүйетін, жайлы, тыныштықты жаны қалайтын, ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
1 қаңтардан бастап балалардың төлқұжаты екі есе арзандайды
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда балалардың төлқұжаты екі есе арзандайды. Бұл халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіруге байланысты қабылданған нормалар негізінде өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 21 Желтоқсан, 2023
«Қашанғы көршілердің көңіліне қараймыз?». Депутат трансшекаралық өзен-су мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев жалпы отырыста еліміздің трансшекаралық өзен-су мәселесін көтерді. Депутат Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке Жамбыл облысын басқарған тұста шаруаларды судан тарықтырып алғанын алға тартып, биылғы құрғақшылықтың келешекте қайталанбауына қандай кепілдіктер бар екенін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.