Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6728 материал табылды

Саясат • 11 Сәуір, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Садовничий мен Сергей Орджоникидзені қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий мен Халықаралық ынтымақтастық және ашық дипломатия жөніндегі Ресей қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Орджоникидзені қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 11 Сәуір, 2019

Т. Құлыбаев: Спортшылардың допинг қабылдауға құқығы жоқ

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Мәдениет және спорт Министрлігі жазғы спорт түрлерінен ұлттық құрама командалардың Токио-2020 Олимпиадасына дайындығын талқылау мақсатында бірлескен жиын өткізді.

Саясат • 11 Сәуір, 2019

Дариға Назарбаева: Президент сайлауын әділ өткізу ортақ міндетіміз

Бүгін Парламент Сенатының отырысында Дариға Назарбаева кезектен тыс өтетін президенттік сайлау туралы пікір білдірді.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2019

Қызылордада «Геоақпараттық қызмет» бағдарламасы цифрлы форматта қызмет көрсете бастады

Қызылордада шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Геоақпараттық қызмет» бағдарламасы цифрлы форматта қызмет көрсете бастады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 11 Сәуір, 2019

Мәулен Әшімбаев құрылымдық бөлім басшыларының қатысуымен жиын өткізді

Кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратына келіп, жиналыс өткізді. Елбасы кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешімді қолдап, осы бағытта партияға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Соған байланысты партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия Орталық аппаратының құрылымдық бөлім басшыларының қатысуымен жиын өткізді.

Қоғам • 11 Сәуір, 2019

Сенаторлар «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

Комитет төрағасы Бірғаным Әйтімова бастаған Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары мен Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева «Мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру туралы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелге дайындық өткізу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сайлау • 11 Сәуір, 2019

Жас көшбасшылар кезектен тыс сайлауды қолдайды

Кеше «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Жастар жылын өткізуге мониторингті жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес жиыны өтті. Қоғамдық кеңеске еліміздің жастар ұйымдарының төрағалары, көшбасшылары, қоғам қайраткерлер, блоггерлер кіреді.

Сайлау • 10 Сәуір, 2019

Б. Мәкен: Қазір Қазақстан халқы үшін өте маңызды уақыт

9 сәуір күні Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жариялады. Сайлау 2019 жылдың 9 маусымына жоспарланған.

Үкімет • 10 Сәуір, 2019

Жаңа жолдарды салу кезінде климаттық жағдайлар ескеріледі - ҚР ИИДМ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Әбіләлиев PrimeMinister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында су тасқыны кезеңінде автомобиль жолдарының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар қабылданатыны туралы айтып берді.

Қазақстан • 10 Сәуір, 2019

Оралдық шекарашылар шамамен 200 000 000 теңгенің контарабандасының жолын кесті

Орал шекара отрядының «Сырым-авто» бөлімшесінде шекарашылар Ресейге ірі көлемде контрабандалық жүк өткізбек болған 49 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.