Қоғам • 15 Сәуір, 2019

Шекарашылар қару-жарақ пен есірткі тасымалдаушыларды ұстады

1181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Солтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Семей жеке тексеріп-өткізу пункітінің «Үбе авто» бөлімшесінде шекара наряды 2019 жылдың 13 сәуірі күні таңертеңгі 6-лар шамасында Ресейден «Камаз-5320» автокөлігімен келе жатқан 1978 жылғы қазақстандықты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Шекарашылар қару-жарақ пен есірткі тасымалдаушыларды ұстады

Автокөлікті тексеру барысында шекарашылар қорапқа салынған калибры 5,45 мм екі дана Калашников автоматын, оларға арналған 11 дана оқжатар (магазин), 13 дана 7,62 калибрлы жарық және дыбыс беретін оқтар, Макаров тапаншасына арналған 10 дана оқжатар және автомат пен тапаншаның қосалқы керек-жарақтарын тапты. Белгілі болғандай, табылған автоматтар пайдаланылудан алынып тасталған, қауіпсіздендірілген екен. Ұсталған азамат Шемонайха аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Семейге қарасты «Ауыл-теміржол» бөлімшесінің шекара наряды қызметтік иттің көмегімен «Алматы - Новосибирск» бағытындағы № 302 пойыздың вагондарының бірінің әжетханасынан «гашиш» есірткісі оралған түйіншек тауып алды. Қызметтік ит табылған есірткі затының иелері ретінде 39 және 23 жастағы екі қазақстандықты көрсетті. Ұсталған азаматтар есірткі заттарымен бірге Семей желілік полиция бөліміне тапсырылды.