Оқиға • Кеше

Рудныйда құбыр жарылып, бірнеше ғимарат жылусыз қалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудныйда жерасты құбырының жарылу салдарынан бірнеше ғимарат жылусыз қалды. «Рудный жылу желілері» ЖШС-ның мәліметі бойынша, Комсомол даңғылының бойындағы 13-шағын ауданға жылу тарататын құбырдан диаметрі 219 мм болатын жарық сызаты табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рудныйда құбыр жарылып, бірнеше ғимарат жылусыз қалды

Жарылған құбырдың басында сағат түскі бірден бастап 3 техника, 6 адам жұмыс істеп жатыр. Жөндеу жұмысы шамамен 5 сағаттың ішінде аяқталуы тиіс.

Қазір Рудныйда Комсомол даңғылының бойындағы стомотология, аурухана, перзентхана және «Штефанов ЖК», шұжық цехы тәрізді кәсіпкерлік нысандар уақытша жылусыз отыр.

Қостанай облысы