Қазақстан • 10 Сәуір, 2019
«Отандастар Қоры» КЕАҚ өкілдері Франциядағы қандастармен кездесті
«Отандастар Қоры» КЕАҚ Франциядағы қазақ диаспорасымен кездесті. Қор өкілдері Франциядағы қазақ жұртшылығын Елбасының 5-ші Дүниежүзі қазақтары құрылтайындағы тапсырмасымен құрылған «Отандастар Қорының» мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Саясат • 09 Сәуір, 2019
Б.Сапарбаев: 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасы заңды түрде көп балалы саналады
Бүгін Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев азаматтардың мұқтаж санаттарына, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 09 Сәуір, 2019
Сот жүйесі және соттардың қызметі туралы Жарлықтарға өзгеріс енгізілді
ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 09 Сәуір, 2019
Үкіметтік жұмыс тобы Қызылорда облысында әлеуметтік саясаттың іске асырылу барысын тексерді
2019 жылғы 9 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың басшылығымен Үкіметтік жұмыс тобы Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша Қызылорда облысына барды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 09 Сәуір, 2019
Сенат Төрағасы Д. Назарбаева Түрікменстанның Елшісі Т. Көмековті қабылдады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Түрікменстанның Қазақстандағы Елшісі Тойлы Көмековті оның өтініші бойынша қабылдады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 09 Сәуір, 2019
Н. Нығматулин: Сайлау өткізу туралы шешім демократиялық кағидаттың көрсеткіші
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин кезектен тыс өтетін президенттік сайлау туралы пікір білдірді.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2019
Жамбыл облысында шегіртке зиянкестерімен күрес жөніндегі штабтың отырысы өтті
2019 жылдың 20 сәуірінен бастап Жамбыл облысында үйірлі шегірткенің 3 түріне марокколық, итальяндық және азиялық шегірткеге қарсы өңдеу басталды. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысының Байзақ ауданында шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес штабының кезекті отырысында айтылды.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2019
Елордалық екі теміржол стансасының атауы өзгерді
Астана-1 стансасының атауы Нұр-Сұлтан-1 деп өзгертілді. Ал Астана – Нұрлы жол стансасы енді Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол стансасы деп аталатын болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 09 Сәуір, 2019
Президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауға түсуіне қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы кезектен тыс Президент сайлауына түсуіне қатысты пікір білдірді.
Саясат • 09 Сәуір, 2019
Ерлан Саиров: Президенттің шешімі маңызды әрі қажетті деп есептеймін
Қазақстанда транзиттік процесс тұрақтылық пен келісім кезеңінде өтеді. 9 маусымда елімізде кезектен тыс өтетін президенттік сайлау туралы саясаттанушы Ерлан Саиров осындай пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.