Саясат • 02 Сәуір, 2019
Дариға Назарбаева Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісін қабылдады
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны оның өтініші бойынша қабылдады.
Саясат • 02 Сәуір, 2019
Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы Хаттаманы ратификациялау жөніндегі заң жобасы қаралды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 02 Сәуір, 2019
Әлемнің табысты қазақтары Нұр-Сұлтанда бас қосты
«Отандастар Қоры» КЕАҚ арнайы шақыртуымен әлемнің түкпір-түкпіріндегі табысты қазақтар елордаға жиналды. Осылайша, төл мереке Наурызды Франция, Украина, Ресей және Қытай елдерінен келген қандастарымыз тарихи отанда, бір шаңырақ астында атап өтті.
Саясат • 02 Сәуір, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев сыныптастарымен кездесті
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Алматы облысы Қарасай ауданына барған сапарында бірге оқыған сыныптастарымен және бала кездегі достарымен кездесіп, әңгімелесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 02 Сәуір, 2019
Тұңғыш Президент – Елбасы Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды
Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданы, Шамалған кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысының жүргізілу барысымен танысты. Нысанды салу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 02 Сәуір, 2019
Асқар Жұмағалиев Әзірбайжан Республикасының Премьер-министрімен кездесті
Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Әзірбайжан Республикасына жұмыс сапары барысында мемлекеттің Премьер-министрі Новруз Мамедовпен кездесті. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 02 Сәуір, 2019
А. Мамин ауылдық елді мекендерде медициналық инфрақұрылымның дамуын бақылауға алды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 02 Сәуір, 2019
Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық көмек объектілерінің үлгілік жобасын әзірледі
Қазақстанның кейбір өңірлерінде алғашқы медициналық көмек объектілерінің дайын жобалары бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
Үкімет • 02 Сәуір, 2019
Е.Біртанов: 595 алғашқы медициналық көмек объектісін ашу жоспарланған
Алдағы 3 жылда 120 миллиард теңгеден астам сомаға жаңа 595 алғашқы медициналық көмек объектісін ашу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
Қазақстан • 02 Сәуір, 2019
Е.Біртанов: Бірқатар өңірде медициналық техникамен қамту деңгейі төмен
Алғашқы медициналық көмек қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ұйымдарды ірілендіру жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.