Мұхит Әзірбаев Алматы қаласында туылған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі.
Жеке сектордағы жұмыста мол тәжірибе жинақтаған. Түрлі жылдары «Қуат-Агро» агрохолдингтік компанияның бас директоры, «Global Building Contract» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы болған, «АБН АМРО Банк» және «Казкоммерцбанк» АҚ лауазымды қызметтер атқарған.
2017 жылы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басқармасының төрағасы болды. Жаңа тағайындауға дейін қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарды.