Жанболат Кенжеғұл
Жанболат Кенжеғұл«Egemen Qazaqstan»
7531 материал табылды

Аймақтар • 21 Наурыз, 2021

Маңғыстаудың жоғары оқу орнында «Парасат жолы» орталығы ашылды

Маңғыстауға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева және  Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, республикалық «Парасат жолы» жобасының жетекшісі Сәдібек Түгел жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 21 Наурыз, 2021

«Turkistan» телеарнасы іске қосылды

Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында таңғы 7-ден бастап «Turkistan» телеарнасы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы қалың көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы әкмінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 21 Наурыз, 2021

«Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды

Әз-Наурыз мерекесінде «Халық» қоры азаматтық белсенділік танытып, «Ел тірегі – Елбасы» атты ірі науқанын қолға алды. Қор covid-19 пандемиясының және  карантиндік шаралардың салдарынан қиын жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылар үшін азық-түлік жиынтығын сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 21 Наурыз, 2021

Қазақстанда «Таза табиғат» экологиялық жобасы басталды

Қазақстанда наурыз мерекесі қарсаңында «Таза табиғат» экологиялық жобасы басталды.  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және облыстық әкімдіктердің бірлескен шарасында бірнеше аймақта ағаш отырғызу, айналаны қоқыстан тазарту, су көздерін ашу акциялары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 21 Наурыз, 2021

Түркістан қаласының әуежайынан алғашқы халықаралық рейс ашылды

2021 жылғы 21 наурызда Наурыз мейрамы қарсаңында Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен құрылған алғашқы отандық лоукост әуе тасымалдаушысы Fly Arystan әуе компаниясы Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстамбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейсті орындады.

Қазақстан • 21 Наурыз, 2021

Қорғаныс министрі әскерлердің жауынгерлік даярлығын тексерді

Генерал-лейтанант Нұрлан Ермекбаев Алматы мен Гвардейск гарнизондарындағы танк және десанттық-шабуылдау бригадаларының жауынгерлік даярлық барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 21 Наурыз, 2021

Елімізде өткен тәулікте 678 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда өткен тәулікте 678 адам коронавирустан жазылды, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус • 21 Наурыз, 2021

Қазақстанда өткен тәулікте 1171 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 1171 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан • 21 Наурыз, 2021

Сенат Төрағасы: Наурыздың мән-мазмұнын арттыра түскеніміз абзал

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туризм • 20 Наурыз, 2021

Туризмді дамыту үшін өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды

Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директоры Нұрболат Ахметжанов  «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор Майнюра Мурзамадиева және Түркістан қаласы әкімдігінің «Бизнесті қолдау және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Туристерге қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Е.Төлебаевпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.