Қазақстан • 21 Наурыз, 2021

Қорғаныс министрі әскерлердің жауынгерлік даярлығын тексерді

17 рет көрсетілді

Генерал-лейтанант Нұрлан Ермекбаев Алматы мен Гвардейск гарнизондарындағы танк және десанттық-шабуылдау бригадаларының жауынгерлік даярлық барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскерлердің қолбасшылары биылғы оқу-жаттығуларда қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар тәжірибесі ескеріліп, жаңа ұрыс әдістері қолданылғаны туралы баяндады.  

Соның бірі ретінде наурыз айының басында алғаш рет екі жақты форматта ұйымдастырылған «Мәтібұлақ» полигонында өткен бригадалық тактикалық оқу-жаттығуын айтуға болады. Осындай оқу-жаттығу командирлерді жауынгерлік іс-қимылдарда қалыптан тыс әдістерді жоспарлауға, уақытылы ұрыс жағдайын өзгертуге әрекет етуге және бағынысты бөлімшелердің іс-қимылына қажетті өзгерістер енгізуге үйретеді. Екі жақты оқу-жаттығу өзінің тиімділігін көрсетті. Алдағы уақытта ауқымды қолданылатын болады.    

Қорғаныс министрі «Іле» полигонында бөлімшелердің өткен жылдан бастап әскерлердің жауынгерлік даярлығына белсенді енгізіліп жатқан армиялық тактикалық атыс сабағын тексерді. Десанттық-шабуылдау бригадасының командирі әскери қызметшілердің кәсіби шеберліктерін шыңдауда заман талаптарын ескере отырып қарқынды жауынгерлік даярлық жүргізуге мүмкіндік беретін оқу-материалдық базасын көрсетті. Осы жерде министр Армия халықаралық ойындарындағы «Десанттық взвод» сайысына қатысатын жауынгерлердің даярлығымен де танысты.  

Қорғаныс ведомствосының басшысы Гвардейск гарнизонында танк бөлімшелердің сабағын тексеріп, сонымен қатар оқу-жаттығу алаңдарының инфрақұрылымын қарады. Қазіргі уақытта ол жерде әскерлердің жауынгерлік жаттығулары өтуде, ал жазда онда елімізде өтетін Армия халықаралық ойындарының сайыстарын өткізу жоспарланып отыр.

Тексеріс нәтижесі бойынша генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев тұрақты түрде қарқынды дамып келе жатқан жауынгерлік даярлықты атап өтіп, оны әрі қарай арттыруда командирлерге барлық күш-жігерді жұмылдыруды тапсырды.  

Соңғы жаңалықтар

Жеті өңір «жасыл» аймақта

Қазақстан • Бүгін, 09:08

1459 адам коронавирустан жазылып шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:04

1642 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус • Бүгін, 09:00

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Спорт жаңалықтарына шолу

Спорт • Бүгін, 08:49

Басқа басылымдарға шолу

Әлем • Бүгін, 08:32

Алаш аманатына адал жан

Қазақстан • Бүгін, 08:21

Ұқсас жаңалықтар