Қазақстан • 04 Наурыз, 2021
Автобус тасымалдарын дамыту мәселелері әр өңір үшін жеке-жеке шешіледі
Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтің төрағалығымен бейнеконференция режимінде өткен кеңейтілген кеңеске қатысушылар қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешенін, автобус тасымалдарының жай-күйі мен проблемалық мәселелерін талқылады.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2021
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Сенат депутаты Ольга Перепечина ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Бақылау-бюджет комиссиясының кезекті отырысына қатысты. Комиссия мүшелері ТМД ПАА қызметін қаржыландыруға байланысты бірқатар мәселелерді қарап, осы комиссияның өткен жылғы жұмысының қорытындыларын тыңдады.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2021
Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
2021 жылдың 3 наурызында Ташкентте Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев пен Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Ислам өркениеті орталығының директоры Шоазим Миноваров өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2021
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
1 наурыз бен 15 мамыр аралығында Қазақстанда көктемгі аң аулау кезеңі ашық болады. Бұл ретте көктемде тиісті аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшысының міндетті қатысуымен қоңыр аюды, үйректі, қара торғайды және тізімге сәйкес басқа да жануарларды аулауға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Наурыз, 2021
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
2020 жылдың 31 желтоқсанында ҚР каратэ Федерациясының вице-президенті, ұлттық команда бас бапкері Жасталап Санауов өмірден өтті. Осыған байланысты Қазақстан каратэ федерациясының басшылық құрамында кадрлық өзгерістер орын алды деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2021
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Шеврон» (Chevron) компаниясының Еуразия-Тынық мұхиты өңіріндегі барлау және өндіру жөніндегі президенті Найджел Хирнмен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2021
Қызмет барысында зардап шеккен полицейлердің отбасы баспана төлемін алуды жалғастырады
Қызмет барысында қаза тапқан немесе жарақат алған полицейлердің отбасы енді баспана төлемдерін алуды жалғастыра береді. Сенаторлар бүгін Заң жобасына осындай түзету енгізіп, оны Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2021
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Бүгін, 4 наурызда, Дін істері комитеті дінтану сараптамасын жүргізу жұмыстарына қатысты дін саласы мамандарына арналған семинар жұмыстарының бірінші кезеңін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2021
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Алтынбек Нухұлы Наурыз мерекесін тойлау күндерінде елге оралған қандастардың отбасылары мен басқа этнос өкілдеріне қазақстандық паспортты салтанатты тапсыру рәсімін дәстүрге айналдыруды ұсынып отыр. Бұл туралы депутат Үкіметке жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2021
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Еліміздің ара және марал шаруашылықтары күрделі жағдайды бастан кешуде. Бүгін сенатор Дүйсенғазы Мусин еліміздің Премьер-Министрінің атына осындай депутаттақ сауал жолдады. Депутат бұл салалар шұғыл мемлекеттік қолдауды қажет ететініне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.