Қазақстан • 17 Қараша, 2019
Нұр-Сұлтанда автокөліктерді қыздыруға арналған электр бағандары орнатылды
Елордада автокөліктерді қыс мезгілінде қыздыруға арналған электр станцияларын орнату бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба Азия Даму Банкі (АДБ) есебінен қаржыландырылды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жобаны Азия Даму Банкімен бірлесе жүзеге асырды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қазақстан • 16 Қараша, 2019
Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кездесті
Орталық Азия елдері сыртқы саяси ведомстволар басшылары кездесуінің шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен келіссөздер өткізді.
Видео • 12 Қараша, 2019
«Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына арналған эстафета (видео)
«Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығы аясында ақындардың арнайы газетке арнаған өлеңдерін оқу эстафетасы басталды. Оқырмандар назарына «Егемен Қазақстан» газетінің жас тілшілері ақын Бернияз Күлеевтің «Ұшқынға» атты өлеңін ұсынады. Эстафета газеттің ардагер журналисі Қорғанбек Аманжолға және басылымның меншікті тілшілеріне жолданды.
Видео • 29 Қазан, 2019
Президент жұмыс сапарымен Алматыға келді (видео)
Іс-сапар барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өтті.
Видео • 20 Қазан, 2019
Бүгін Ақмола қаласын ел астанасы ретінде жариялау туралы жарлық шыққан күн (видео)
1997 жылы 20 қазанда еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. (1998 жылдың 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын Елбасы Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге ұсыныс жасады. Ал бүгін Ақмола қаласын ел астанасы деп жариялау туралы шыққан жарлыққа 22 жыл толып отыр.
Қазақстан • 17 Қазан, 2019
Жерді ғарыш мониторингі арқылы зерттейді
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері жаңа жобаны қолға алды.
Аймақтар • 12 Қазан, 2019
Сергей Громов Мақтаарал ауданында құрылысы жүріп жатқан ПУИД-2 жобасының жұмыс барысымен танысты
ҚР-ның экология, геология және табиғи ресурстарды пайдалану вице-министрі Сергей Громов және ҚР-ның экология, геология және табиғи ресурстарды пайдалану министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбек Түркістан облысы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, жалпы құны 39 миллиард теңгені құрайтын ПУИД-2 жобасының жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Видео • 11 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысты (видео)
Қасым-жомарт Тоқаев біраз бұрын Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездескен болатын. Ал қазір Президент ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысуда.
Қазақстан • 08 Қазан, 2019
Мекенжай анықтамасы күшін жояды
Қазақстанда ең көп сұраныс жасалатын мекенжай анықтамасы енді атымен болмайды. 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап мекенжай анықтамасын алып тастайды. Бұдан былай азаматтардың тұрғылықты мекенжайы туралы мәлімет мемлекеттік органдардың біріктірілген базасында сақталады.
Қазақстан • 07 Қазан, 2019
Кепілдендірілген әлеуметтік топтама неліктен 1 жасқа толмаған балаға берілмейді - Біржан Нұрымбетов
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кепілдендірілген әлеуметтік топтама неліктен 1 жасқа толмаған балаға берілмейтіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.