Қоғам • 14 Шілде, 2020
Борышқа қатысты ақпаратты SMS-хабарлама арқылы алуға болады
Қазақстанда борышкерлер атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы туралы ақпаратты SMS-хабарлама арқылы алатын болады.
Саясат • 14 Шілде, 2020
Науқанда әйелдердің белсенділігі жоғары
Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) кезекті отырысында облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының Парламент Сенаты депутаттығына өңірлер бойынша кандидаттар ұсыну қорытындылары баяндалды.
Әлем • 13 Шілде, 2020
Түркия Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Түркия Республикасы мен Қазақстан Үкіметі арасындағы түсіністік меморандумы аясында Түркия тарапы гуманитарлық көмек жіберді.
Қоғам • 10 Шілде, 2020
Алимент бірінші кезекте төленетін болады
Қазақстанда сот орындаушылар алименттерді бірінші кезекте өндіріп алатын болады
Білім • 02 Шілде, 2020
Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды
21 маусым мен 1 шілде аралығында еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілді. Биыл тестілеуге қатысуға рекордтық көлемде өтініштер қабылданды: 131 754 өтініш тіркелді, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12%-ға төмен болғанын айта кеткен жөн.
Саясат • 02 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық онлайн-конференция өтті.
Әлем • 01 Шілде, 2020
Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды
2020 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасының Сингапур, Жаңа Зеландияда және Аустралия Одағындағы Елшісі Аркен Арыстанов Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторы Пэтси Реддиге сенім грамоталарын тапсырды.
Әлем • 01 Шілде, 2020
Ресейде жалпыұлттық референдум аяқталады
Бүгін, яғни 1 шілдеде Ресейде 25 маусымда басталған Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум аяқталады. Мемлекет басшысы Владимир Путин 22 сәуірге белгіленген дауыс беруді пандемияға байланысты кейінге қалдырған болатын. Конституцияға енгізілетін түзетулерде президент өкілеттігін ұзарту да қарастырылған.
Саясат • 01 Шілде, 2020
Парламент бесінші сессиясын аяқтады
Кеше Парламентте палаталардың бірлескен отырысы өтті. Онда депутаттар бесінші парламенттік сессияны қорытындылады. Парламент сессиясын жабу отырысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Алтыншы сайланған Парламенттің бесінші сессиясы заң шығару жұмысының көлемі бойынша да, қабылданған заңдар шешімін табуға ықпал ететін міндеттер бойынша да өте ауқымды болды.
• 01 Шілде, 2020
Ұлы ақынның өнегесін дәріптейтін жаңа арна
Ақпарат кеңістігіне «Ақыл ойдың айнасы» деген ұранмен жол тартқан «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасының ресми таныстырылымы өтті. Салтанатты шараға Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ғалым Намазалы Омашев, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева қатасты.