Әлем • 19 Тамыз, 2020
Жапония экономикасы коронавирус пандемиясы салдарынан құлдырай түсті. Әлемнің үшінші экономикасы саналатын елдің ішкі жалпы өнімінің көрсеткіші сәуір-маусым айларында 7,8 пайызға азайды. Сарапшылар мұндай төмен көрсеткіш Жапонияда соңғы кездері алғаш рет кездескенін айтады.
Оқиға • 18 Тамыз, 2020
Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливанда зардап шеккендерді емдеп жатыр
Олар Бейрут, Боуар, Машгар және Сайда қалаларының медициналық мекемелерінде науқастарға медициналық көмек көрсетеді.
Әлем • 17 Тамыз, 2020
Африкада коронавирустың екінші толқыны басталды
Материк бойынша миллионға жуық адамда коронавирус инфекциясы расталды. Сарапшылар вирустық инфекцияның екінші толқыны басталғанын айтады.
Әлем • 17 Тамыз, 2020
Бейрутте жағдай тұрақталар емес
Ливан астанасы Бейруттегі жарылыстың соңы шеруге алып келді. Мыңдаған халық көшеде үкіметке қарсы наразылығын білдіруде. Үкімет болса жоспарланған сайлауды алдын ала өткізу мүмкіндіктерін қарап жатыр. Мемлекет басшысы шетелдік сарапшыларға қажетті зерттеу жүргізу тапсырмасын берді.
Саясат • 14 Тамыз, 2020
Nur Otan партиясының орталық аппаратында «Жастарды қолдау» бағыты бойынша отырыс өтті. Жиын барысында қатысушылар пандемия жағдайындағы волонтерлік қызмет және Jas Otan жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын талқылады.
Үкімет • 03 Тамыз, 2020
Қазақстан канадалық "Gold Pool" компаниясына қарсы төрелік процесті жеңіп алды
Қазақстан Республикасы канадалық "Gold Pool" компаниясына қарсы көп миллиондық төрелік процесті жеңіп алды: төрелік Трибунал Қазақстан Кеңестік Келісіммен байланысты еместігін растайды.
Парламент • 03 Тамыз, 2020
Парламент сайлауы кейінге шегерілді
Гонконг билігі коронавирус пандемиясы салдарынан парламент сайлауын кейінге шегеретінін мәлімдеді. Мемлекеттегі демократтар билікті бұл әрекетке өзінің әлсіздігінен барды деп айыптап отыр.
Үкімет • 01 Тамыз, 2020
Қазақстандық әскерилер Ливанға бітімгерлік миссияға аттанды
Бүгін қазақстандық әскери қызметшілер тобы Ливанға бітімгершілік миссияларын атқаруға аттанды.
Сұхбат • 31 Шілде, 2020
Озық технология өрісіңді кеңейтеді
Қазір цифрландыру – қарқынды дамып жатқан салалардың бірі. Ал төрткүл дүниені шарпыған коронавирус пандемиясы цифрландырудың мемлекеттік органдармен қатар барлық сала үшін өте маңызды екенін дәлелдей түскендей болды. Президенттің жастар кадрлық резерві арқылы іріктелген мамандар арасында да осы салада тиімді жұмыстар атқарып жүргендер аз емес. Мәселен, отандасымыз Тілектес Адамбеков «Қазпошта» АҚ-ның уақыт талабына сай жұмыс істеуін қадағалап, шетелде жинаған тәжірибесімен құрылым жұмысын ілгерілетіп келеді. Бүгін біз «Қазпошта» АҚ-ның ІТ және инфрақұрылым бойынша атқарушы директоры Т.Адамбековпен жүргізген әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Үкімет • 30 Шілде, 2020
Қорғаныс министрі төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарды инспекциялады
Арыс қаласындағы Арсеналдағы төтенше жағдайдан кейін Қарулы Күштердің әскери қызметшілері күн сайын оқ-дәрілердің фрагменттерін жинау және жою бойынша тынымсыз жұмыс атқаруда.