Қазір цифрландыру – қарқынды дамып жатқан салалардың бірі. Ал төрткүл дүниені шарпыған коронавирус пандемиясы цифрландырудың мемлекеттік органдармен қатар барлық сала үшін өте маңызды екенін дәлелдей түскендей болды. Президенттің жастар кадрлық резерві арқылы іріктелген мамандар арасында да осы салада тиімді жұмыстар атқарып жүргендер аз емес. Мәселен, отандасымыз Тілектес Адамбеков «Қазпошта» АҚ-ның уақыт талабына сай жұмыс істеуін қадағалап, шетелде жинаған тәжірибесімен құрылым жұмысын ілгерілетіп келеді. Бүгін біз «Қазпошта» АҚ-ның ІТ және инфрақұрылым бойынша атқарушы директоры Т.Адамбековпен жүргізген әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмыз.

– Қазіргі қызметіңізге қандай тәжірибемен келдіңіз? Қайда білім алдыңыз?
– «Болашақ» бағдарламасының түлегімін. Шанхай қаласындағы Тонгдзи (Tongji University) университетінде телекоммуникация мамандығы бойынша білім алдым. Оқуды аяқтаған соң Қазақстан-Қытай «Жібек жолы» ынтымақтастық орталығының бас директоры болып қызмет еттім. Аталған компанияда жұмыс істей жүріп Қытайдан инвестициялар тартумен, бизнес-кеңес берумен айналыстым. Қазақстан қалаларының және облыстарының әкімдері үшін Қытайдың ірі корпорацияларымен және ҚХР үкімет өкілдерімен іссапарлар ұйымдастырдым. Жалпы, Қытайдан елге көптеп инвестиция тартуға тырыстым. Одан кейін «Astana Innovations» АҚ-ның инвестиция жөніндегі басқарушы директоры қызметіне ауысып, Нұр-Сұлтан қаласындағы Инвесторларға қызмет көрсету орталығының жұмысын қолға алдым. Одан бөлек, білгеніммен бөліскенді жөн санап, студенттерге дәріс оқуға бел будым. Қазақстанның мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарында қытай халқының мәдениеті, психологиясы, кәсіпкерлігі туралы дәріс оқып жүрмін.
– Президенттің жастар кадрлық резерві туралы естіген кезіңізде оған қатысуға бірден бекіндіңіз бе?
– Президенттің кадрлық резервіне іріктеу басталғаны жөнінде достарым хабарлады. Сөйтіп, мен де бағымды сынап көргім келді. Іріктеу барысында қойылатын көптеген сұрақтан сүрінбей өту үшін күндіз-түні дайындалдым. Бұл жобаға республикамыздың түкпір-түкпіріндегі білікті әрі білімді жастары қатысқаны белгілі. Кадрлық резервтің ерекшелігі әрі мақсаты – түрлі саладағы білімі мен тәжірибесі ұштасқан азаматтарды біріктіріп, ел мүддесіне қызмет етуге жұмылдыру.
Резервшілердің қатарына өткен соң бізді әртүрлі мемлекеттік органдар сұхбатқа шақырды. Сол кезде «Қазпошта» АҚ басшылығымен кездесіп, әңгіме барысында ойларыммен бөлісіп, жоспарларымды ұсынуға мүмкіндік алдым. Нәтижесінде, «Қазпошта» АҚ-ның IT және инфрақұрылым бойынша атқарушы директоры лауызымына жұмысқа орналастым. Қазір құрылым жұмысын цифрландыруға, IT инфрақұрылымның дамуына жауапты қызметті атқарамын. Сонымен бірге блокчейн технологиясының ілгерілеуіне де атсалысудамын.
– Бүгінгі қызметіңізде не байқадыңыз? Нені өзгерткіңіз келеді?
– Әлемде орнаған коронавирус пандемиясы еліміздегі цифрландыру саласының артта қалғанын көрсетті. Мемлекеттік органдардың жұмыс жүйесінде де, банк саласында да цифрланудың деңгейі төмен екенін, шикіліктің бары анық байқалды. Сол олқылықтардың орнын толтырып, жақсы жобаларды жүзеге асыру мақсатында «Қазпоштада» Цифрлық банк, сонымен бірге Smart contract деген жаңалықтар енгізіп, барлық қазақстандықтарға, әсіресе бизнес өкілдеріне пайдалы болатын жобаларды ұсындым. Әлі де көп жұмыс жүргізу қажет. Өйткені цифрландыру саласы күн санап ілгерілеп, дамуда. Яғни бір жаңалықты оқып болғаныңша басқа деңгейдегі толықтырулар енгізіліп жатады. Сондықтан бұл сала ұдайы ізденісті қажет етеді.
– Келешекке қандай жоспарыңыз бар?
– Блокчейн саласын зерттеп жүргеніме 4 жылға жуық уақыт болды. Блокчейн технологиясын өз елімізге әкелу арқылы осы саланы дамытып, оған қоса блокчейннің қыр-сырын меңгерген білімді мамандар мен бағдарламашылар даярлағым келеді. Яғни өзім ғана біліп қоймай, білгенімді отандастарыма үйретіп, жаңа мамандар даярлау қажет деп ойлаймын. Қазірдің өзінде жаңа жүйеге, халықаралық деңгейдегі жұмысқа көшуіміз керек екенін өзге жастарға түсіндіріп, команда құруды қолға алдым. Eurasia Blockchain Fintech Group компаниясында қызмет етіп жүргенімде канадалық серіктестермен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығы базасында компания құрдық. Оған 1 миллион АҚШ долларына жуық инвестиция тарттық. Енді ТМД елдері арасында блокчейн саласындағы тұңғыш лицензияланған биржа ашып жатырмыз.
Әңгімелескен
Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Озық қоғам құруда орны айрықша қыздар
Қоғам • Бүгін, 07:57
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:51
Қазақ сөзінің барынша дұрыс таңбалануына мүдделіміз
Қоғам • Бүгін, 07:50
Жазуымыз да, дыбысымыз да қазақтықпен көмкеріледі
Руханият • Бүгін, 07:48
Руханият • Бүгін, 07:46
Ғылымды дамытуға соны серпін беріледі
Парламент • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Құрқылтайдың ұясы немесе ізгілік иесі
Қоғам • Бүгін, 07:43
Өсімдік әлеміне өмірін арнаған жан
Қоғам • Бүгін, 07:42
Руханият • Бүгін, 07:41
Өзгерістер дәуірінде өмір сүру қуанышы
Руханият • Бүгін, 07:40
Руханият • Бүгін, 07:38
«Ел боламын десең, демографияңды түзе!»
Қоғам • Бүгін, 07:34
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар