Жапония экономикасы коронавирус пандемиясы салдарынан құлдырай түсті. Әлемнің үшінші экономикасы саналатын елдің ішкі жалпы өнімінің көрсеткіші сәуір-маусым айларында 7,8 пайызға азайды. Сарапшылар мұндай төмен көрсеткіш Жапонияда соңғы кездері алғаш рет кездескенін айтады.

Жалпы, жапондар экономикалық өсімнің баяулауымен күресті дағдарысқа дейін бастап кеткен-ді. Жыл басындағы екі тоқсан бойғы төмен көрсеткіштер экономиканы рецессияға алып келді. Дегенмен, өткен аптадағы деректер қаржы әлемінің жағдайы мүшкіл екенін анық көрсетті. Сарапшылар нәтиженің олар күткеннен де төмен екенін хабарлады.
Экономиканың құлдырауына бірден-бір себеп – ішкі тұтынудың төмендеуі. Жапония экономикасының жартысы ішкі нарыққа негізделген, сондықтан жаһандық сауда, экспорттың азаюымен қоса ішкі нарықтың бәсеңдеуі де Жапония экономикасы үшін қауіпті.
Тұтыну көрсеткіші 8,2 пайызға төмендеп, рекордты шамаға жетіп отыр. Ал шетелден келетін тауар 18,5 пайызға азайған. Әсіресе автокөлік экспорты үлкен зардап шегуде. ІЖӨ 2011 жылғыдан да бірнеше есе құлдырады. Соңғы статистикаға қайта оралсақ, елдегі ІЖӨ 485 трлн йенге дейін төмендеген. Мемлекеттік облигациялардың табысы да төмен.
Пандемия кезінде экономиканың құлдырауы көп мемлекетке таңсық емес. Карантин шаралары күшейтілмесе де, халық үйде отырғанды жөн көрді. Сәйкесінше, ақша да жұмсалмады. Бұл өз кезегінде корпоративті салаларға да әсер етті. Тұтынушылар азайған сайын компаниялардың табысы төмендей түсті. Сарапшылар бұл тізбектің тығырыққа тірейтінін айтады. Өйткені тіпті Жапониядағы көптеген ірі компания келешекте жұмысқа кадрлар алу мәселесіне күмәнмен қарайтынын айтады. Бүгіннің өзінде ірі компаниялардың қызметкерлерін толық қамтамасыз етуі қиындап кетті.
Дегенмен, «ауызды қу шөппен сүртуге» әлі ерте. Capital Economics тәуелсіз макроэкономикалық зерттеу агенттігі керісінше Жапония экономикасы пандемиядан кейін басқа экономикаларға қарағанда тез қалпына келеді деп болжап отыр. Олардың мәліметінше, бүгінде инфекцияның екінші толқынындағы Жапонияда науқастар саны көп емес, сонымен қатар елдің денсаулық сақтау жүйесі қатермен бетпе-бет келіп, жүйенің тиімділігін дәлелдеген. Агенттік Жапонияның ІЖӨ көрсеткіші биылғы жылдың үшінші тоқсанында жақсы бетбұрыс жасап, келесі жылға дейін жақсы нәиже береді деген пікір білдірді.
Оң өзгерістен үкімет те үмітті. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ пандемия салдарын жеңілдететін бірқатар шараны таныстырды. Мамырда ғана карантин тәртібі жеңілдетілгенімен, алдағы уақытта ол тағы күшейтілуі мүмкін деген болжам бар. Ал бұл тағы да бизнес пен сауда секторына теріс әсер етеді.
Бұған дейін Жапония экономика министрі Ясутоши Нишимура үкіметтің жоспары дайын екенін хабарлаған еді. «Пандемия салдарын жою үшін экономика мен туризмді құтқаратын шараларды қабылдауға дайынбыз», деді ол мәлімдемесінде. Сонымен қатар желтоқсанда премьер-министр Синдзо Абэ де үкіметтің сауда салығының өсуінен туған жағдайды реттеуге 120 млрд АҚШ долларын бөлуге келісім бергенін мәлімдеді.
Әзірге нақты шара ретінде әлеуметтік қолдау қарастырылған. Әрбір жапондық үкіметтен 100 мың йен, яғни 926 АҚШ доллары көлемінде жәрдемақы ала алады.
Екінші экономикаға ие Қытай да көп ұзамай жақсы нәтижелерімен көрінетін секілді. Өйткені басқа мемлекеттер әлі де пандемия кесірінен болған шығынды санап жатса, Қытай сәуір мен маусым аралығында экономиканың 3,2 пайызға өскенін хабарлаған.
«Ясауи ізімен» экспедициясының көкжиегі кеңейеді
Руханият • Кеше
Тариф тұрғындарды тығырыққа тіремеуі тиіс
Қазақстан • Кеше
Ресей президентінің кезекті жолдауы
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Президенттік институт – пәрменді билік
Елбасы • Кеше
Өзегіне ұлт мінезі ұялаған «Салтанат»
Өнер • Кеше
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
Тоқішек пен тікішек обырларына шалдыққандар неге көбейді?
Медицина • Кеше
Екпе салдырушылар саны артып келеді
Аймақтар • Кеше
Дәрігерге «құрылысшы» киімі сатып алынғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер ете ме?
Қазақстан • Кеше
Ақтоғайдан Алматыға, одан кейін Бордо...
Спорт • Кеше
Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады
Қазақстан • Кеше
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Семейде 18 мектеп карантинге жабылған
Білім • Кеше
Ауылдарға ауыз судың жетуін Nur Otan бақылайды
Қоғам • Кеше
Қазақстанның Исландиядағы жаңа консулы таныстырылды
Саясат • Кеше
Адам өліміне қатысы болған экс-әкім қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылауға ұсынды
Қазақстан • Кеше
Сауран ауданына алғашқы әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атыраудың ауылдарына таза ауыз су жеткізуді тапсырды
Аймақтар • Кеше
Президент Атыраудағы денсаулық сақтау нысандары ескіргенін айтты
Аймақтар • Кеше
Ұлтқа берері көп тұлғаларымыздан айырылып қалып жатырмыз - Қ.Тоқаев
Президент • Кеше
Атырау облысында 37 жаңа мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Жол саласындағы мәселелерді кешенді түрде шешу қажет
Президент • Кеше
Президент Сарайшық қаласындағы туристік саланы дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Атырау облысында медицина мамандары жетіспейді
Медицина • Кеше
Жол салатын мердігерге талап қатаң болуға тиіс – Президент
Президент • Кеше
Жалақысы көп өңірлер анықталды
Қаржы • Кеше
Жамбыл облысында көлік ұрлығы 40 пайызға азайған
Аймақтар • Кеше
Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы пайдалануға берілді
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы: Қашаған кен орнын толық игеру керек
Президент • Кеше
СҚО-да өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда биыл жеке тұлғалардан 5,3 млрд теңге көлік салығы түсті
Аймақтар • Кеше
Ұлт тарихтын зерделеудің бүгінгі ұстанымы
Тарих • Кеше
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Жол сапасы ішкі туризмнің дамуын тежеп келеді – Сенат депутаты
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар