Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ
Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
5016 материал табылды

Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Есірткі сататын 72 сайт бұғатталды

Маңғыстаудағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының 493 фактісін анықтап, есірткі сататын 72 сайтты бұғаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан • 21 Қазан, 2020

"Ақ жол" партиясы сайлауға қатысатынын мәлімдеді

21 қазанда Президент Қ.К Тоқаев мәслихаттар мен Мәжіліс депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. "Ақ жол" демократиялық партиясы бұл шешімді құптайды және қолдайды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 21 Қазан, 2020

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Әмрин Азамат Кемеңгерұлы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Тағайындау • 21 Қазан, 2020

Әсем Нүсіпова Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Нүсіпова Әсем Бекқызы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай құтқарушылар марапатталды

Азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай ТЖД-нің 75-тен астам қызметкері марапатталды. Құтқарушыларға "Халық алғысы" медалі, "Үздік құтқарушы" төсбелгісі және алғыс хаттар табысталды.

Қазақстан • 21 Қазан, 2020

Соңғы 9 айда 78 млн тонна көмір өндірілді

Еліміздің көмір өндіруші компаниялары 2020 жылдың 9 айында 78 млн тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде), бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99%-ды құрайды.

Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Жылыжайларда озық технологияларды қолдану көлемі артып келеді

Алматы облысы жылыжай шаруашылықтарын дамытуға көп көңіл бөлініп, бүгінде мұндай кешендердің көпшілігі заманауи технологияға көшкен. Мәселен, Ұйғыр ауданындағы "Экопродуктплюс" жылыжайы түркиялық технологияны пайдаланып, автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Осындай озық тәжірибенің арқасында шаруашылық жылына 500 тоннаға дейін өнім жинауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Алматы облысында 56 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Алматы облысында 2020 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша  56 160 жұмыс орны ашылды, бұл ретте жоспар 48 999 болғанын айта кету керек, яғни жоспар 114,6% орындалды, соның 30101-і тұрақты жұмыс орындары, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Еріктілер аз қамтылған отбасыларға 500 келіге жуық картоп таратты

Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлық штабында 20-дан астам ұйым мен 2000 ерікті бар. Олар көптеген қайырымдылық саласының басы қасында жүрген азаматтар. Бірі жоғалған адамдарды іздесе, екіншісі қарт кісілерге қолғабыс етеді, келесісі табиғатты аялап, жануарларға қамқорлық білдіретін еріктілер белсенді жұмыстар атқаруда. Сондай игі істердің бірі С.Сейфуллин атындағы Қазақ гротехникалық университетінің ерікті жастары мен “Ауыл жастары” қоғамдық жастар бірлестігімен бірігіп, аз қамтылған отбасыларға картоп таратты. Жалпы 500 кг-ға жуық картоп жеткізілген.

Әлем • 21 Қазан, 2020

Оңтүстік Америкадағы Димаштың жанкүйерлері мұқтаж жандар үшін әлеуметтік қор құрды

16 қыркүйек күні "DK Alianza Sudamerica Oficial" фан-клубының құрылғанына 1 жыл болды. Бұл күнді атап өткен Оңтүстік америкалық  Dear-лар әлеуметтік қор ашуды ұйғарды. Осылай қиын жағдайға тап болған, мұқтаж жандарға көмек көрсетпекші. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.