Үкімет • 30 Шілде, 2020
Асқар Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантиндік шараларды ұзарту және карантиннен кейінгі кезеңге дайындық жөніндегі тапсырмасының орындалу мәселелері қаралды, - деп жазады Egemen.kz
Тағайындау • 30 Шілде, 2020
Ерлан Қарин Президенттің көмекшісі болып тағайындалды
Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Жамбыл облысының аграрлары өз мәселелерін сенаторларға жеткізді
Сенаторлар Әбдәлі Нұралиев пен Мұратбай Жолдасбаев Жамбыл облысына сапары барысында Байзақ ауданы Ақшолақ ауылының шаруашылықтарын аралады. Егінге қажетті су мәселесіне қатысты әңгімеге Меркі мен Жамбыл аудандарының аграрлары да қосылды. Олардың айтуынша өңірдегі сумен қамтамасыз ету мәселесі тез арада шешуді талап етеді. Егер мәселе созылатын болса, егіс өнім бермеуі мүмкін. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 30 Шілде, 2020
"Бәйтерек" монументінің авторы өмірден өтті
Қазақстанның құрметті сәулетшісі, "Астана-Бәйтерек" монументінің авторы Ақмырза Исаұлы Рүстембеков өмірден озды. Қайғылы қаза туралы "Алматыгенплан" ҒЗИ хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 30 Шілде, 2020
Қазақстанда жыл басынан бері 39 браконьерлік фактісі анықталды
Браконьерлерден 1571 ақбөкен мүйізі мен 513 тұтас ет алынды. Өткен жылмен салыстырғанда, мұндай оқиғалардың айтарлықтай өсуі (25 браконьерлік фактісі, 530 мүйіз бен 650 тұтас ет алынды) мемлекеттік органдардың қылмыстық топтардың жолын кесудегі арта түскен жұмыс үйлесімділігі мен өзара іс-қимыл жеделдігімен байланысты, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 30 Шілде, 2020
2 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге алды
30 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,3 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 80 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 58 мың қазақстандыққа аударылды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Елордадағы "Гарант" тұрғын үй кешені күзде пайдалануға беріледі
Биыл 20 тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, 8 мыңға жуық үлескердің мәселесі шешіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Үкімет • 30 Шілде, 2020
Роман Скляр жұмыс сапарымен Татарстанға барды
Сапар аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Нижнекамск және Набережные Челны қалаларында болды, онда Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасы арасындағы өнеркәсіптік кооперация және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жалғасуда
"Астана – адалдық алаңы" жобасы аясында қалалық мәслихат депутаттары Мирас Шекенов пен Ақылбек Күрішбаев және тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері қалалық бірнеше дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасына кезекті мониторинг жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 29 Шілде, 2020
Елорданың сауда орталықтары мен ХҚКО-да дезинфекция жүргізілуде
Сауда нысандары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары дезинфекция жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.