
Үкімет • 11 Мамыр, 2023
Скутер де көлік құралы санатына енеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар электрлі скутерлердің мәселесін қозғап, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап, қабылдады. Енді электрлі скутерлер мен самокаттарды пайдаланудың тәртібі заңмен бекітіліп, бұл құрылғылар көлік құралдарына жатқызылмақ.
Халық • 09 Мамыр, 2023
Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицерлері тағылымды іс-шара бастады. Олар «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындарына Жеңістің 78 жылдығына орай «Сарбаз ботқасы» акциясын ұйымдастырды. Әскери оркестр, далалық ас үйдегі сарбаз ботқасы зұлмат кездердің бар қиыншылығы мен Жеңістің қадірін тағы бір түсіндіргендей болды.
Марапат • 09 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысының Жарлығымен Екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бірқатар ардагер марапатталды. Оның бірі – биыл 100 жасқа келген, Жеңіс парадына қатысушы Иван Гапич. Жеңіс күні қарсаңында ардагерге «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын Жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырылды.
Әйел әлемі • 06 Мамыр, 2023
Осыдан бір жыл бұрын Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Самұрық-Қазына» қоры «Гендерлік теңдік» бағдарламасын әзірледі. Нәтижесінде, қорға қарасты мекемелердің басшылық лауазымдағы қыз-келіншектері оқыту курсынан өтіп, көшбасшы әйелдер пулына енді. Астанада квазимемлекеттік секторында әйел басшыларды даярлау бойынша «Гендерлік теңдік» бағдарламасының бітіру рәсімі өтті. Салтанатты жиында курсты сәтті аяқтағандарға Беркли университетінің сертификаты тапсырылды.
Қазақстан • 06 Мамыр, 2023
Қытай және Орталық Азия: Басым бағыттар
18-19 мамырда Қытайдың Сиань қаласында Қытай-Орталық Азия саммиті өтеді. Бейжің қазір бұл іс-шараға қызу дайындалып жатыр. БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес Қытай Қазақстанмен 30 күнге визасыз режім туралы келісімге қол қоймақ. Сондай-ақ аймақтың өзге елдерімен көлік байланысына қатысты жобаларды жүзеге асырады деп күтіліп отыр.
Сенат • 05 Мамыр, 2023
Жер кодексі әділетті өзгерісті қажет етеді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыста сенаторлар Мемлекет басшысының Жоғарғы сот судьясын қызметтен босату туралы ұсынымын және халықаралық келісімді ратификациялау жөніндегі заңды қарады. Сондай-ақ түрлі саланың өзекті мәселелерін қозғап, депутаттық сауалдар жолдады.
Әлем • 04 Мамыр, 2023
Өзбекстанда Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдаған референдум өтті. Осылайша, көрші елдің Ата заңы 65 пайызға жаңарды. Елдің басты құжатында жерді жекеменшікке беру, өлім жазасын алып тастау, сондай-ақ президенттік мерзімді бес жылдан жеті жылға дейін ұзарту секілді мәселелер бар.
Әлем • 03 Мамыр, 2023
Шекара асқаннан кейін кездейсоқ оқиғаға тап болып, жазатайым жағдайға ұшыраған ел азаматтарына қатысты кез келген мәлімдемеге мемлекет бейжай қараған емес. Бұл ретте еліміздің шетелдегі елшіліктері мен дипломатиялық қызмет өкілдерінің еңбегін ерекше атауымыз керек. Саяси келісімдер арқылы жүзеге асатын күрделі мәселеден бөлек, адам тағдырына қатысты қабылданатын жедел шешімдер азаматтардың өмірі мен бостандығын сақтап, қамтамасыз етуге жол ашады. Сондай оқиғалардың бірер мысалына тоқталсақ.
Қазақстан • 03 Мамыр, 2023
Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясында ұйымның Еуропа кеңесімен ынтымақтастық туралы қарарын қолдады. Аталған құжатта Ресейдің Украинаға басқыншылығын сынайтын тұсы бар. Негізі, Қазақстан екі елдің арасындағы қақтығысқа бейтарап позиция ұстанады. БҰҰ қарарына қатысты Сыртқы істер министрлігі ресми түсініктеме берді.
Үкімет • 01 Мамыр, 2023
Мемлекеттік басқару: Жаңа мәдениет қалыптасты ма?
Мемлекеттік басқару академиясының базасында «Ашық Үкімет және басқарудың жаңа мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Басқосу барысында отандық және шетелдік сарапшылар мемлекеттік басқару саласындағы жаңа тәсілдерді сөз қылып, азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы диалогті нығайту мәселелерін талқылады.