
Елорда • 07 Маусым, 2023
Халықаралық Әуежайлар кеңесі (ACI World) өткен жылы «Әлемдегі ең қарбалас 10 әуежайды» анықтады. 75,7 млн жолаушы күтіп алған АҚШ-тың «Атланта Хартсфилд-Джексон» әуежайы жолаушы санымен 2021 жылы иеленген ең қарбалас әуежайы атағын қорғап қалды. Сондай-ақ Ыстанбұл әуежайы халықаралық жолаушылар қатынасы саласында 26,5 млн жолаушымен әлемдегі ең қарбалас екінші әуежай атанып отыр.
Саясат • 06 Маусым, 2023
Геосаяси шиеленістің ғаламдық дамуға әсері
«Халықаралық саясат және қауіпсіздік» – биыл 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумында талқыланатын тақырыптың бірі. Алқалы жиын аясында төрт негізгі аспектің бірі болып саналатын бұл мәселе бойынша жоғары деңгейлі жаһандық пікірталас ұйымдастырылады. Соның ішінде геосаяси шиеленістердің жаһандық дамуға әсері де сөз болмақ.
Мереке • 05 Маусым, 2023
Жыл бойы тынбай жұмыс істеп, көзге түскен ел азаматтарының еңбегі еленді. Оларды Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан патриоттарының дәстүрлі форумында құттықтап, марапаттады. Он екі белсенді «Жыл патриоты» атанды.
Қазақстан • 05 Маусым, 2023
Қазақстан – Еуропалық одақ: Ірі сауда серіктестігі
Әлемде геосаяси жағдайдың шиеленісуіне қарамастан, Орталық Азия мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Қазақстан Еуропалық одақпен өзара сауданы әртараптандыруға мүдделі.
Жастар • 30 Мамыр, 2023
«JastarX»: ұлт бірегейлігі неде?
Қазақтың бірегейлігі неде? Әлем бізді қалай танып жатыр? Жұмысын енді ғана бастаған «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының «JastarX» сарапшылар алаңына жиналғандар осы сұрақтарды жан-жақты талқылап, ел дамуына өздері қосып отырған үлестерін ортаға салды. Алаңның алғашқы жиынына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысып, сүйінші жаңалығын жеткізді.
Әлем • 30 Мамыр, 2023
«Талибан» қозғалысы Ауғанстан билігін қолына алғалы бері аймақтағы тыныштықтың тігісі жиі сөгілетін болды. Көрші елдерге кәдімгідей қоқан-лоқы көрсетіп отырған ұйым енді Иранға қарсы соғыс ашқанын жариялады. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, бұл туралы «Талибан» көшбасшыларының бірі Абдулхамид Хорасани мәлімдеген. Қақтығыс Ауғанстан мен Иран шекарасында басталған.
Әлем • 29 Мамыр, 2023
Екінші кезеңдегі Ердоған жеңісі
Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті. Осылайша, ол Түркияның 13-президенті атанды. Ал оның басты бәсекелесі болған Кемал Кылычдароглу сайлаудың әділетсіз өткенін айтып отыр.
Халық • 25 Мамыр, 2023
Тәуелсіздік алған соң қаланы қазақыландырамыз деп ауылдағы ағайынды орталыққа көшіп келуге үндедік. Осылайша, урбанизация үрдісінің соңынан еріп кеттік, салдарынан бірлігі бекем ауылдардың іргесі сөгілді. Қалаларымыз да халықты қабылдауға дайын болмай шықты. Енді Үкімет бос қалған ауылдарды қайтадан жанға толтыруға күш салып жатыр. Қала тұрғындарын ауылға көшіруді көздеген жаңа жобаны іске қосты. Бастаманың игілігін көріп, халық қаладан ауылға ағылып жатыр ма?
Басылым • 23 Мамыр, 2023
Басқа басылымдардан: Байланыс тереңдей түседі
Қытай қазіргі геосаяси тұрақсыздық кезінде Қазақстанмен қарым-қатынасын одан әрі тереңдетуді қалайды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сианьға сапармен келген Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа осындай ниетін білдірді.
Әлем • 22 Мамыр, 2023
Италияның Эмилья-Романья аймағындағы көп елді мекенді әлі де су басып жатыр. Өткен аптада басталған жаңбыр енді ғана толастады. Су тасқыны қаупі Италияның солтүстігінен оңтүстікке қарай жылжып, Калабрияда қауіпсіздіктің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды, онда бұқаралық іс-шара тоқтатылды.