
Экономика • 30 Қазан, 2023
Қазақстан-Қытай: Экономикалық байланыс негіздері
Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Осы қысқа мерзім ішінде екі ел берік мемлекетаралық байланыстар орнатты. Қазір әлем алпауыт ел Қытайдың басқан ізін аңдып отыр. Сарапшылар түрлі болжам жасап, ғалымдар оның ірілі-ұсақты елдермен, әсіресе айналасындағы мемлекеттермен қарым-қатынасын жіті зерттеп келеді. Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысты тіпті АҚШ сарапшылары зерделеп, ғылыми мақалалар да жазып тастады. Оның бер жағындағы Ұлыбританияның кішкентай ғана Ланкастер қаласында Қытай зерттеу орталығы бар. Бұл орталықта да Қытайдың Орта Азия елдерімен байланысын зерттеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Алдыңғы қатарда Қазақстан тұр. Осы зерттеушілердің еңбектерін сараптап отырсақ, көбінің пікірі қазақ-қытай арасында дипломатиялық арақатынастың символикасы басым дегенге саяды.
Әлем • 25 Қазан, 2023
Франция және халықаралык кітап қоры қазақ әдебиетімен толықты. Францияның Халықаралық Конкорд Академиясының мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Педагогикалық Ғылым Академиясының толық мүшесі-академигі Алпысбай Мұсаевтың үш томдық таңдамалы шығармалар жинағына оның зерттеу, әдеби сын және ғылыми мақалалары, монографиялары енгізілген. Париждегі «Editions du Jipto» басылымында жарық көрген шығармалар жинағы оқырмандарға электрондық каталогта да қолжетімді.
Әлем • 16 Қазан, 2023
Елде бейбіт шеру туралы заң әзірленген кезде сарапшылар бірқатар дамыған елдің тәжірибесін алға тартып, үлгі қылған еді. Осылайша, Ұлыбритания, Германия секілді мемлекеттердің бейбіт шеру туралы ережелерінің кейбір тұстарын негізге ала отырып, 2020 жылы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң қабылданды.
Технология • 21 Тамыз, 2023
Жасанды интеллект және қауіпсіздік
«Бүгінде әлем ден қойып жатқан жасанды интеллект негізін барлық салада қолдануға болмайды», дейді ғалымдар. Алайда жасанды зердені әр сала, мамандық тәжірибеден өткізіп жатыр. Бұл тәжірибе игілікке айнала ма, әлде қиындық тудыра ма? Зерттеушілердің бірі оның маңызы зор екенін айтып қызықтырса, енді бірі зиянын мысал етіп, сақтандыруға тырысады. Әсіресе жасанды интеллект өршіп бара жатқан қақтығыстарды ушықтырып жіберуі мүмкін.
Әлем • 20 Тамыз, 2023
Жылдан-жылға табиғат тосын мінез көрсетіп, климат өзгеріп барады. Ғалымдар жер шары ысып, әлемді күннен қорғайтын Антарктида жылынып жатыр деп дабыл қақты. Биылғы шілдеде тіркелген қатты ыстық осының салдары. Аптап ыстық тек Қазақстанда емес, әлемнің көптеген елінде байқалды.
Қоғам • 17 Тамыз, 2023
Президенттік жастар кадр резервіне даярлық
1 қыркүйекте Президенттік жастар кадр резерві жобасы басталады. Биыл жаңа резервшілер салалық қажеттілікті ескере отырып іріктеледі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев жобаның кезекті іріктеуінің ерекшеліктері туралы айтты.
Қазақстан • 09 Тамыз, 2023
Қазақстан – Солтүстік Македония: Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Биыл Солтүстік Македония Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етіп отыр. Аталған ұйым – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі өңірлік ұйым екенін ескерсек, Солтүстік Македония қылмыскерлермен күрестің шешімін тапқан бірден-бір мемлекет. Қазақстан бұл елмен осы және экономикалық бағытта ынтымақтастық орнатты. 11 тамызда Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османи Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бірқатар келіссөз жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
Әлем • 03 Шілде, 2023
Швецияның НАТО-ға енуі қиындай ма?
Стокгольмде Құран өртегендердің әрекеті біраз елді әбігерге түсірді. Сарапшылардың айтуынша, бұл оқиға Швецияның НАТО-ға мүшелікке өтуін тағы да күрделендіре түсетін секілді. Өйткені Түркия бұған қарсылық танытып, райынан қайтар емес. Талаптарын күшейте түсуі мүмкін. Бұған АҚШ-тың Мемлекеттік департамент өкілдері де алаңдаушылық танытып отыр.
Әлем • 26 Маусым, 2023
Антиядролық ұстаным: Қазақстан – АҚШ ынтымақтастығы
АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіптерді азайту жөніндегі агенттігі (DTRA) 26 жылдан астам уақыт бойы ядролық қаруды таратпау бағытында елімізбен бірлескен іс-шараларға атсалысып келеді. Ұйым Семей ядролық сынақ полигонында жүзеге асырылған бірнеше жобаны қаржыландырды. Әсіресе 209 ядролық сынақ жүргізілген «Дегелең» сынақ алаңында көп іс тындырылды.
Саясат • 23 Маусым, 2023
Мемлекеттік қызметтегі әйелдің рөлі
Мемлекеттік қызметте әйелдер ерлермен тең мансап құра ала ма? Олардың жұмыс уақыты қандай болуы керек? Қызметке қабылдау және жұмыстан шығару кезінде олардың құқықтары сақтала ма? Жалпы, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлі қандай? Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған диалог алаңында сарапшылар осы мәселелерді талқылады.