Әлем • 22 Қараша, 2024
G20: Аштық пен кедейлікке қарсы жаһандық альянс құрылады
Рио-де-Жанейрода «үлкен жиырмалық» (G20) елдерінің саммиті аяқталды. Оған қатысушылар әлемдегі аштыққа қарсы Альянс құрып, қорытынды коммюникеде Украина мен Таяу Шығыстағы бейбітшілікке шақырды.
Қоғам • 22 Қараша, 2024
Бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды
Астана мен Алматыда Ұлттық бейнемониторинг жүйесі жұмыс істей бастады. ІІМ-нің хабарлауынша, «Ақылды» камералар теміржол вокзалдары, әуежай, қонақүйлер, көшелер және сауда ойын-сауық орталықтарында орнатылған.
Заң • 20 Қараша, 2024
Жуырда Сот әкімшілігі мамандары Сингапурде өткен халықаралық конференцияда елдің сот жүйесін реформалаудағы жетістіктерін таныстырып, келісімге қол қойды.
Қоғам • 19 Қараша, 2024
Әйелдердің рөлі қаншалықты күшейді?
Дүниежүзілік Экономикалық форумның «Global Gender Gap Report 2024» (Жаһандық гендерлік алшақтық индексі) бойынша еліміз гендерлік теңдік мәселесінде Орталық Азияда көш бастап тұр. БҰҰ сарапшылары халықаралық рейтингтерде Қазақстанның гендерлік көрсеткіштері 2020 жылдан бастап жақсарғанын айтады.
Қоғам • 16 Қараша, 2024
Академия мерейтойымен құттықтады
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына 30 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Әлем • 15 Қараша, 2024
Аустралия үкіметіндегі жаңа лауазым
Аустралия үкіметі құлдыққа қарсы арнайы комиссарды тағайындады. Ел тарихындағы аталған лауазымға Walk Free халықаралық құқық қорғау ұйымының басшысы Крис Эванс ие болды. Бұл туралы елдің бас прокуроры Марк Дрейфус хабарлады.
Қоғам • 15 Қараша, 2024
Халықтың өмір сүру сапасы мен табыс деңгейі сәйкесе ме?
БҰҰ зерттеуінде тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі кедейлік көрсеткіші айтарлықтай төмендегені көрсетілді. Алайда ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көрсеткішімен есептегенде, Қазақстанда еңбек табысының үлесі төмен.
Қоғам • 15 Қараша, 2024
Елімізде нормативтік-құқықтық актілерге гендерлік сараптама жүргізілмек. Осыған орай екі күндік тренинг өткізіліп, мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың заң қызметкерлері құжаттарға гендерлік сараптама жүргізу дағдыларын үйренді.
Сенат • 15 Қараша, 2024
Қазақстан – Қатар әскери ынтымақтастығы туралы заң мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында Қазақстан мен Қатар арасындағы әскери ынтымақтастық туралы заң қаралды. Сенаторлар заңды мақұлдап, өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.
Әлем • 13 Қараша, 2024
Жапонияның Премьер-министрі сайланды
Жапонияның Либерал-демократиялық партиясының (ЛДП) басшысы Сигеру Исиба елдің премьер-министрі болып қайта сайланды. Ол дүйсенбіде өткен Парламенттің төменгі палатасында дауыс берудің екінші турының қорытындысында жеңіске жетті.