
Әлем • 27 Ақпан, 2023
БҰҰ қарары: Халық бейбітшілікке мұқтаж
БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы сессия өткізді. Іс-шара барысында ұйым Ресейді Украинадан әскерін шығарып, қақтығысты тоқтатуға шақырған қарар қабылдады. Қарарды 141 ел қолдап, дауыс берді, жетеуі қарсы болып, 32 ел қалыс қалды.
Әлем • 26 Ақпан, 2023
Ниеті оң Нидерланд инвестиция көлемін арттырмақ
Нидерланд Қазақстанда хаб құрып, ірі халықаралық жобаны жүзеге асырмақ ниетте. Қазір нидерландтық жетекші компания елімізде өндіріс ашу мүмкіндіктерін зерттеп жатыр. Егер үкімет жобаны тиімді деп тапса, аймақтарда бау-бақша, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда қолданылатын жоғары қысымды ылғалдандыру жүйелерін өндіретін өндіріс орны салынады.
Әлем • 26 Ақпан, 2023
Қазақстан Қытай ұстанымын құптайды
Қытай Халық Республикасы Украинаға қатысты ұстанымын жариялады. «Қытайдың Украин дағдарысын саяси реттеу жөніндегі ұстанымы» деп аталатын құжатта 12 тармақ қамтылған. ҚХР-дың осы ұстанымына қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі түсініктеме беріп, құптайтынын жеткізді.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2023
Жақында Қазақстан тәжік еліне гуманитарлық көмек ретінде бес мың тонна мазут берді. Осылайша, Тәжікстан Республикасына 2006 жылдан бері көрсеткен гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 44 млн доллардан асты. Жалпы, еліміз бірқатар дамушы елге тұрақты көмек көрсетіп, қолдау білдіріп келеді.
Ғылым • 24 Ақпан, 2023
Мемлекеттік басқару академиясы мен ЖОО-лар мамандарды бірлесе даярлайды
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен елдегі жоғары оқу орындары мемлекеттік басқару саласының мамандарын бірлесе даярлайтын болды. Бүгін тараптар ресми құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 24 Ақпан, 2023
Сыртқы саясаттағы бағыттарға тоқталды
Ресей президенті Владимир Путин федералдық жиналыста халқына үндеу жасады. Жолдауда ол елдегі жағдай, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтары және Ресейдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін сөз етті.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2023
Түркияға көмекке кеткен Қазақстан құтқарушылары қирандылар астында қалған 7 адамды құтқарып, 200-ден астам жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсеткен. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында олар табиғи апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарының барысы, кинологиялық есептеулер және Апаттар медицинасы орталығының қызметі туралы айтып берді.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2023
Демография теңсіздігі – қауіпті үрдіс
Ғалымдардың айтуынша, халықтың сандық және сапалық құрамының үйлесім табуы – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Ал еліміздегі демографиялық теңсіздік мәселесі әлі де шешімін таппай келеді. Бұған не себеп? Үкімет қабылдаған мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі ме? Перспективалық жоспар қандай? Қауіпсіздігімізді нығайтып, алып территориямыз бос қалмау үшін халық санын қалай арттырамыз?
Саясат • 20 Ақпан, 2023
Үлкен мүдде: шағын мемлекеттермен байланыстырады
Тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстан көптеген елмен дипломатиялық байланыс орнатып, қарым-қатынасын айқындап алды. Мұндай елдердің ішінде алпауыт державалармен бірге шағын мемлекеттер де бар. Елімізді Орталық Америкадағы Белиз мемлекеті және Гималайда орналасқан Бутан патшалығымен не байланыстырады?
Әлем • 19 Ақпан, 2023
Бірлік үшін бірігу: Қырғызстанның бүгінгі және бұрынғы президенттері бас қосты
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров арнайы кеңес ұйымдастырды. Бұл кеңеске бұрынғы мемлекет басшылары Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Роза Отунбаева, Алмазбек Атамбаев, Сооронбай Жээнбеков қатысқан.