Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
269 материал табылды

Таным • 06 Тамыз, 2024

Көзқарас

Әйгілі неміс тілді ақын Пауль Целанның «Адам деген көзқарас қана» деген жыры бар. Яғни адам көзқарасымен құнды, көз­қарасымен танылады. Жиған білім-ғылым тіліміз бен қи­мы­­лымызды, сыртқы қалы­бы­­мыз­ды аса байытпауы мүмкін, бірақ көзқарасымызды кеңейтеді.

Мәдениет • 03 Тамыз, 2024

«Аққу» күйі

Аласапыран күн өткен, бұрнағыдай жыл өткен. Күрмеуден салалы оқиға, оқиғадан аңыз туған. Аңыз түбі ақиқат, ақиқат туы құламас дейді. Иә, күй тарихы – көне тарих, абзал бет, айдынды шежіре.

Тарих • 02 Тамыз, 2024

Шығыстық таным

Шығыстық таным – құпия таным, шытырман әлем. Дымыңды құртқан арудай, көз арбаған кеңістіктей. Ішіне ене бересің, ене бересің…Шығыстық таным – құпия таным, шытырман әлем. Дымыңды құртқан арудай, көз арбаған кеңістіктей. Ішіне ене бересің, ене бересің…«Ақылмен хауас барлығын, Білмей-дүр, жүрек сезе-дүр». Хауас деген не?»

Әдебиет • 30 Шілде, 2024

Шаһмаран

Түсінсем бұйырмасын. Қарасы өзге, бұрауы зияда мұндай кеп­ті кім көрген? «Тоғыз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» дегендей, төбел жырға кезігіп аңырғанымыз осы. Құ­на­рына сиқырланып, көз уқалап әлекпіз. Бұл – ­«Шаһ­ма­ран» жыры.

Ең қысқа әңгіме • 30 Шілде, 2024

Оғаш ойлар

Эдгар Поны оқыған жан өмір шеңберіне өзгеше зер салары анық. Бізге ашылған терезелерінен гөрі ашылмағаны жүз есе көп өмір лабиринті тылсым да көне. Оны ашу үшін алға ұмтылу бәрінен ізгі. Бұл өлімге қарсы оқ атқан өмір майдангері Эдгар Поны оқығаннан кейінгі ойлар еді.

Әдебиет • 24 Шілде, 2024

Чеховтың хаты

Чехов – ой алыбы, ізгілік шырақшысы. Жазушының өмір жолы адамгершілікке, жақсылық нұрына толы. Әр шығармасынан адамға деген махаббат, жанашырлық есіп тұратын қалам­гердің ағасына жазған хаты бір төбе.

Әдебиет • 19 Шілде, 2024

Өрлік ұраны, ірілік сазы

Өмірдегі әрбір құбылыс шашылған сәттер мозайкасы іспетті. Оларды артық түйсіну, артық сезіне білу – шын өнер адамының ісі. Аустриялық жазушы Петер Хандке «Поэзия – әлі мән мен мағынаға ие болмаған орындарды іздеу» деген болатын. Адам санасының ашылмаған құрлықтары, әлі толық хатқа түсірмеген сезім шыңыраулары жетерлік. Әріден алсақ, дүниедегі жалғыз жұмбақ жаратылыс болса, ол – адам. Шығыстық ғұламалар әлемде оқуға тиіс үш кітап барын айтады. Бірі – Құдай кітабы, бірі – табиғат, бірі – адам кітабы.

Әдебиет • 18 Шілде, 2024

Қоржынымызда үш кітап

Кейінгі уақытта белгілі баспалардан көркем әдеби, танымдық, психологиялық, ғылыми жинақтар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаулап шыға бастады. Әсіресе балаларға арналған кітаптардың жөні бөлек. Аударма ісінің жолға қойылуы, тұлғатану өрісінің дамуы ұлт оқырмандарына жаңаша көзқарас сыйлап отыр.

Әдебиет • 17 Шілде, 2024

Қазыналы «Зүмірет»

Шығыс тақырыбы – қойнын қазса кені таусылмас кемел та­­қы­рып. Өткен ғасырда шы­ғыс-мұ­сылман әдебиеті ег­жей-тег­жей зерттеле қоймаға­ны­мен, тәуелсіздік жылдары жұм­бақ мүйіске дендей ену­шілер ар­тып келеді.

Әдебиет • 13 Шілде, 2024

«Мың бір түн» қайдан шықты?

Қайбір шығарманың түбіріне үңілсек, қайнар бұлағы Шығысқа тіреліп жатады. Көне үнді, Мысыр, Қосөзен, араб-парсы өркениеті дүние жұртшылығына жаңа көзқарас сыйлағаны талассыз ақиқат.