Саясат • 12 Қараша, 2019
Әділ әрі ашық диалог құруды көздейді
Жаһандық сын-тегеуріндер мен саяси шешімдердің ықпалы арқылы қысқа күнде қырық құбылған әлемдік экономикалық ахуал Astana Club-тың алаңында сарапқа салынбақ. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын айтулы шараның бұл жолғы тақырыбы «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында» деп аталды. Екі күнге жоспарланған жиынның алғашқы сессиясы жабық есік жағдайында өтті.
Президент • 08 Қараша, 2019
Өңіраралық интеграцияны дамыту жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға келген Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті. Мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастарды дамытудың перспективалары мен өңірлік деңгейдегі ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Экономика • 07 Қараша, 2019
Ресей нарығында қандай кедергілер бар?
Ресей нарығына шығатын отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен импортына кері әсер ететін факторлар жетерлік. Оның ішінде ортақ жүйенің жоқтығы кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салуда. Шекара маңындағы қордаланған мәселені шешу үшін еліміздегі электронды ветеринарлық сертификаттау жүйесі мен Ресейдегі «Меркурий» ақпараттық жүйесін біріктірудің маңызы зор. Бұл туралы Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей шекаралас өңірлері ынтымақтастығы XVI форумында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
Саясат • 30 Қазан, 2019
Балама қуат көзін дамыту керек
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында балама энергия көздерін дамыту мәселелері қаралды, сондай-ақ «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды.
Парламент • 29 Қазан, 2019
Әлеуметтік салаларды цифрландыру – басты міндет
Кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы талқыланып, оның ішінде 250 адамнан тұратын елді мекендердің интернетке қолжетімділігі тұрғысында кеңінен сөз болды.
Экономика • 25 Қазан, 2019
Қазақстан – Беларусь бизнес форумы – жаңа келіссөздердің ортақ алаңы
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Қазақстан мен Беларусь мемлекеттері экономикалық әріптестікті нығайту мақсатында құны 75 млн АҚШ долларын құрайтын 15 келісімге қол қойды. Кеше елордада өткен Қазақстан – Беларусь экономикалық форумы Беларусь президенті Александр Лукашенконың елімізге ресми сапары аясында ұйымдастырылды.
Үкімет • 23 Қазан, 2019
Көлік инфрақұрылымы мен транзиттік әлеуетті қалыптастырған бағдарлама
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы қорытындыланды. Сонымен қатар бұл бағдарламаның алдағы 5 жылға арналған жобасы таныстырылды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе мемлекет-жекеменшік әріптестікті жетілдіру шаралары туралы бірқатар министрліктер мен облыс басшылары баяндама жасады.
Үкімет • 11 Қазан, 2019
«Ақылды қалаларды» дамыту − әлем елдеріне ортақ міндет
Елордада қалалық туризмді дамытуға арналған VIII UNWTO жаһандық саммиті өтуде. Айтулы шара «Ақылды қалаларды» дамыту тақырыбына арналып, онда мегаполистердегі өзекті мәселелерді шешу, қаланы басқару, тұрақты даму, инновациялар мен технологиялық жетістіктер жайлы кеңінен сөз болды.
Қазақстан • 08 Қазан, 2019
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің тетіктерін жетілдіру және азаматтық авиацияны дамыту мәселелері қаралды.
Саясат • 04 Қазан, 2019