Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
821 материал табылды

Қоғам • 23 Ақпан, 2026

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?

Елімізде екпеден бас тарту жағдайлары жылдан жылға артып келеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдеуінше 2017 жылмен салыстырғанда, биыл екпе салдырмағандар саны 3,8 есе артқан. Ресми дерекке сәйкес, 2017 жылы шамамен 5,3 мың адам бас тартқан болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 20 мыңға жеткен. Бұл мәліметтер барлық екпелерге қатысты. Жиырма мың адам екпе салдыруға неліктен қарсы шықты? Екпенің денсаулыққа зияны бар ма? Шариғатта ол туралы не айтылған? Бұл туралы Egemen.kz тілшісі сараптап көрді.

Ата заң • 23 Ақпан, 2026

Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды

Республикалық референдумға санаулы күн қалды. Қазір еліміздің барлық өңірінде жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын түсіндіруге бағытталған кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz. 

Қоғам • 23 Ақпан, 2026

Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейтін автоматтандырылған постаматтар орнатылды. Енді осы жерден құжаттарды кезексіз және тәулік бойы алуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 23 Ақпан, 2026

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті

Құқық қорғау органдары Маңғыстау облысында онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікпен Рантик Бахтияр Оглыны тергеп жатыр. Тергеуге сәйкес, «bingo37.pro» платформасы арқылы мыңнан астам құмар ойын түріне, оның ішінде «Crazy Monkey», «Keno», «Euro Game» және басқа да танымал ойындарға қолжетімділік берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2026

Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды

Түркістан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті бөлшек саудадағы әуе отыны нарығын тексеріп, заңсыз әрекеттерді анықтады. Анықталғандай, әуежай кәсіпкерлерден қосымша төлем талап еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндіріс • 23 Ақпан, 2026

Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды

Жетісу облысында жас кәсіпкер Ерболат Еренталов қолдан пісірілетін, ашытқы қоспасыз дайындалатын пайдалы нан өндірісін ашқан. Мамандығы экономист болса да, ол наубайшылықты өз бетінше меңгеріп, қазіргі таңда жеті түрлі өнім шығарады. Бүгінде зауытта күніне шамамен 350 өнім өндіріліп, облыс орталығындағы 25 дүкенге жеткізіледі. Ерболат алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, ассортиментті кеңейтіп, республикалық деңгейге шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда • 23 Ақпан, 2026

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды

Елордада қыс басталғалы коммуналдық қызмет күшейтілген тәртіпте, тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Қар күреу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика • 23 Ақпан, 2026

Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады

Қазақстан дәстүрлі шикізат экспорттаушы модельден біртіндеп бас тартып, мұнай-газ химиясы саласында терең өңдеуді дамытуға және ірі стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға көшті. Бұл бағыт экономиканы әртараптандыру мен қосылған құны жоғары өнім шығаруға жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Технология • 23 Ақпан, 2026

Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, өңірлерді цифрлық дамыту мен «ақылды қалалар» стандарттарын енгізуді негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындады. Бұл бастама ел аумағында заманауи технологияларды кеңінен қолдануға жаңа серпін беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Ата заң • 23 Ақпан, 2026

Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі

Конституциялық реформа – мемлекеттің саяси жүйесін, билік тармақтарының теңгерімін және азаматтардың құқықтарын айқындайтын стратегиялық қадам. Жаңа реформаның мақсаты – басқару тиімділігін арттыру, демократиялық институттарды нығайту және қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті тең бөлу. Осы орайда сенатор, Бас редакторлар клубының төрағасы, конституциялық комиссияның мүшесі Бибігүл Жексенбай әлемдік тәжірибеде кез келген конституциялық реформа алдымен эмоциялық реакция тудыратынын, кейін барып мазмұнды талқылауға ұласатынын айтады. Оның айтуынша бүгін біз дәл осы екінші кезеңге қадам басып отырмыз.

Яндекс.Метрика