Әлем • 02 Сәуір, 2026
Индонезияда магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды
2 сәуір күні таңертең Индонезия аумағында қуатты жер сілкінісі болды. Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығының (CENC) мәліметінше, жерасты дүмпуі Бейжің уақытымен сағат 06:48-де Молукк бұғазы маңында тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2026
Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады
2 сәуірге қараған түні адамзат тарихында маңызды оқиға орын алады – АҚШ-тың NASA ұйымы ұйымдастырған «Artemis II» миссиясы басталды. Бұл миссия аясында төрт ғарышкер жарты ғасырдан кейін алғаш рет Айға ұшатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 01 Сәуір, 2026
Алматыда жаңа №130 автобус маршруты іске қосылады
Алматы қаласында 4 сәуірден бастап жаңа №130 автобус маршруты қатынай бастайды. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 01 Сәуір, 2026
Ұлттық банк ипотекалық шарттарды қайта қарастыра ма?
Ұлттық банк ипотекалық бағдарламалардың шарттарын қайта қарау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 01 Сәуір, 2026
Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар 10-15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Қостанай облысында полиция қызметкеріне күш қолданған үш азаматқа қатысты іс қозғалып, олар 2 ай мерзімге қамауға алынды. Іс бастапқыда жеңіл баппен тіркелгенімен, кейіннен қылмыстың сипаты ескеріліп, аса ауыр қылмыс санатына қайта сараланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 01 Сәуір, 2026
Еңбек кітапшасы кімдерге қажет? Министрлік түсіндірді
Қазақстанда еңбек өтілін есепке алу жүйесі толықтай цифрлық форматқа көшіп келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қағаз түріндегі еңбек кітапшалары біртіндеп өз маңызын жоғалтып жатыр. Дегенмен, кейбір азаматтар үшін олар әлі де қажет болуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Бахтияр Жазықпаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Енді Алматыда көшеде қараусыз қалған электросамокаттар тәркіленеді
Алматыда электросамокаттар мен мопедтердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар қолға алынды. Осы мақсатта ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып жатыр. Енді қала көшелерінде қараусыз, ретсіз қалдырылған электросамокаттарды полиция тәркілей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 01 Сәуір, 2026
Елімізде алғаш рет 15 жастағы балаға жүрек трансплантациясы жасалды
Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды. Тарихи ота 27–28 наурыз аралығында түнде жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Сәуір, 2026
Ресей мұнайының Қазақстан арқылы транзиті 2027 жылға дейін жалғасады
АҚШ Қазақстанға Ресей мұнайын Қытайға транзитпен тасымалдауға мүмкіндік беретін лицензияны 2027 жылғы 19 наурызға дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
20,9 млн теңге табыс: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Сарыағаш тұрғыны сотталды
Сарыағаш ауданының тұрғыны ойын бизнесі саласында заңсыз қызмет ұйымдастырғаны үшін сотталды. Ол бірнеше үй-жайды жалға алып, онда ойын автоматтарын орналастырып, интернет арқылы тыйым салынған құмар ойындарға қолжетімділік берген. Заңсыз әрекеттен түскен жалпы табыс 20,9 млн теңгеден асқан, деп хабарлайды Egemen.kz.