Taza.kz
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1346 материал табылды

Аймақтар • 06 Сәуір, 2026

Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды

Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы қолға алынды. Жаңа автожол қала ішіндегі көлік жүктемесін азайтып, Өзбекстан бағытына өтетін транзиттік қозғалысты айтарлықтай жеделдетпек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы • 06 Сәуір, 2026

Алматыда жұрттың мазасын алған шетел азаматтары елден шығарылды

Сот шешімімен шетел азаматтары ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылып, оларға қайта кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Футбол • 06 Сәуір, 2026

«Қайрат» өз алаңында «Астананы» ірі есеппен жеңді

Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясында орталық матчта алматылық «Қайрат» өз алаңында «Астана» командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 06 Сәуір, 2026

Қарағанды облысында 50 жұмысшы мінген автобус аударылды

Қарағанды облысында вахталық жұмысшыларды тасымалдаған автобус жол апатына ұшырап, аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 06 Сәуір, 2026

Абай облысындағы сарбаз өлімі: Дәрігер жазадан босатылды

Абай облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың менингиттен көз жұмуына байланысты қозғалған іс бойынша сот үкімі шықты. Аягөз әскери госпиталінің дәрігері 2 жылға бас бостандығынан айырылғанымен, сот залында амнистияға ілігіп, жазадан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыс • 03 Сәуір, 2026

800 мың теңге: Павлодарда нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды

Павлодар облысында полиция жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйелдің заңсыз әрекетін әшкереледі. Алдын ала мәліметке сәйкес, 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны жүктілігінің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы болашақ баласын сатып алатын адамдарды іздеген. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның бұл әрекеті анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2026

Қайтарылған активтер есебінен Шымкентте жаңа жатақхана ашылды

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару тек қаржылық көрсеткіш емес, оның артында нақты әлеуметтік маңызы бар жобалар мен адамдардың тағдыры жатыр. Бұл – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің маңызды тетігі. Соның айқын дәлелі ретінде Шымкент қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 03 Сәуір, 2026

Мұраға қалған мүлікті қалай дұрыс рәсімдеу керек?

Жақын адамнан айырылу – кез келген адам үшін ауыр соққы. Осындай кезеңде туыстар тек қайғыны еңсеріп қана қоймай, бірқатар құқықтық мәселелерді де шешуге мәжбүр болады. Соның ең маңыздыларының бірі – мұраны рәсімдеу, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 03 Сәуір, 2026

Әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингі жарияланды: Қазақстан нешінші орында тұр?

Әлемдегі ең бақытты елдер қатарында дамыған Еуропа мемлекеттері мен Коста-Рика бар. Бірнеше жыл қатарынан көш бастап келе жатқан Финляндия ең жоғары − 7,8 балл жинаған. Оған жақын көрсеткіштер Исландия мен Дания елдерінде − әрқайсысы 7,5 балл. Ал АҚШ 6,8 балмен 23-орында орналасқан. Орталық Азия елдерімен салыстырғанда Өзбекстан Қазақстаннан кейін тұр. Қазақстан бұл рейтингте 33-орынды иеленген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Табиғат • 03 Сәуір, 2026

Алматы зообағында туған жолбарыс күшіктері белсенді бола бастады

Алматы хайуанаттар бағында жыл басынан бері сирек кездесетін жануарлар қатары көбейіп, келушілер саны да айтарлықтай артқан. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика