Ауыр атлетика • 08 Сәуір, 2025
Мықтылар бабында екенін байқатты
Қостанайда ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы еліміздің чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір аптадан аса уақытқа созылған бәсекелер барысында биыл өтетін аса ірі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын зілтеміршілер анықталды.
Сұхбат • 05 Сәуір, 2025
«Алдағы уақытта алтын белбеу үшін таласамын»
Кезінде Жапонияда «Прайд» деп аталатын мықты промоушен болды. 2007 жылы «Прайдтың» қожайыны Нобуюки Сакакибара оны басты бәсекелесі – UFC-ге сатты. Кейіннен, 2015 жылы Сакакибара «Rizin» атты жаңа ұйым құрды. Қазіргі кезде сол промоушенде жерлесіміз Қаршыға ДӘУІТБЕК жасындай жарқырап жүр. Осыған дейін 21 рет октагонға шыққан қазақ спортшысының 18 кездесуде мерейі үстем болды. Бір кереметі, ол кейінгі 10 бәсекенің барлығында жеңіске жетіп, жеті қарсыласын бірінші раундата-ақ жеңді.
Спорт • 03 Сәуір, 2025
Сенбі күні Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінің толық карды белгілі болды. Басты жекпе-жекте WBO мен IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) франциялық Ануаэл Нгамиссенгемен (14-0, 9 KO) айқасады. Өзге бәсекелер Сұлтан Зәуірбек (19-0, 13 KO) пен Азинга Фузиле (18-2, 12 KO), Батыр Жүкембаев (23-1, 17 KO) пен Кейн Гарднер (17-4, 7 KO), Баходир Жалолов (14-0, 14 KO) пен Игорь Шевадзуцкий (12-2, 10 KO), Отабек Холматов (12-1, 11 KO) пен Джейсон Кано Манигос (30-12-2, 20 KO), Балауса Мұздиман (6-0, 5 KO) мен Мария Тереза Пинили (7-1, 2 KO), Махмұд Сабырхан (дебют) пен Николас Тордекилья (2-0, 2 KO), Төрехан Сабырхан (дебют) мен Йири Хауке (4-6, 2 KO), Әлішер Әбдуләлим (3-0, 2 KO) мен Ашиш Чаудхари (3-0, 0 KO), Ақниет Әлімбай (2-0, 1 KO) мен Йозеф Дубски (1-0, 1 KO) сынды былғары қолғап шеберлері арасында өтеді.
Спорт • 02 Сәуір, 2025
Бразилияда өтетін Әлем кубогінің кезеңдік сайысында бокстан еліміздің әйелдер құрамасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл бәсекеде ел намысын Жазира Орақбаева (51 кг), Анита Әдішева (54 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) қорғайды. Бразилияда өтетін Әлем кубогінің кезеңдік сайысында бокстан еліміздің әйелдер құрамасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл бәсекеде ел намысын Жазира Орақбаева (51 кг), Анита Әдішева (54 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) қорғайды.
Шахмат • 02 Сәуір, 2025
Жолдама Алматыда сарапқа салынады
2-10 сәуір аралығында Алматы қаласында шахматтан Азия аймағы бойынша әлем кубогінің іріктеу турнирі өтеді. Оған елімізден бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ауғанстаннан келген 136 (94 ерлер, 42 әйелдер) ойыншы қатысады.
Спорт • 01 Сәуір, 2025
Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Бостон қаласында жалауы желбіреген әлем чемпионатында еліміздің спортшысы Михаил Шайдоров тамаша өнер көрсетіп, күміс медальді мойнында жарқыратты.
Күрес • 01 Сәуір, 2025
Балуандарға бұйырғаны – қос алтын
Иорданияның астанасы – Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Сары құрлықтың басты додасы сарапқа салынған 30 бас жүлденің екеуі ғана еліміздің ұлттық құрамасы балуандарына бұйырды. Бұрымдылар арасында Жәмила Бақбергенова теңдессіз деп танылса, еркін күресте Нұрқожа Қайпановтың шоқтығы биік болды.
Күрес • 29 Наурыз, 2025
Әйелдер күресінен Азия чемпионаты 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Тұсаукесер турнир Қытайдың Сяошани қаласында өтті. Бір қызығы, осы жарысқа АҚШ балуандарына да қатысуға рұқсат берілді. Нәтижесінде, 50 кг салмақта барлық қарсыласын жыққан Патрисия Саундерс алтыннан алқа тақты. Тағы бір бас жүлде қытайлық Лю Дунфэнге бұйырды. Қалған жеті алтынды жапондар жиып алды.
Спорт • 29 Наурыз, 2025
АҚШ-тың Бостон қаласындағы әйгілі ТД-гарден аренасында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Келесі жылы Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццосында алауы тұтанатын қысқы Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын дүбірлі додада еліміздің туы астында Михаил Шайдоров пен София Самоделкина өнер көрсетті.
Спорт • 28 Наурыз, 2025
Алматыдағы ADD аренада үстел теннисінен еліміздің чемпионаты аяқталды. Жарысқа 186 спортшы қатысты. Ерлердің жекелген сайысында Кирилл Герасименкоға тең келер ешкім табылмады. Финалда ол Алан Құрманғалиевті қапы қалдырса, Айдос Кенжеғұлов пен Санжар Жұбанов қола медальды иеленді. Сондай-ақ Герасименко жұптық және аралас жұптар бәсекесінде бас жүлдені олжалады. Әйелдер арасындағы жарыста Зәуреш Ақашева алтыннан алқа тақты. Жанерке Көшкімбаева күміс алса, Сарвиноз Мірқадырова мен Альбина Жақсылықова қола медальды еншіледі.