Спорт • 30 Қараша, 2023
Скандинавия түбегінде шымылдығы түрілген гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының тұсаукесер кездесуін жерлестеріміз Испания құрамасына қарсы өткізді.
Теннис • 30 Қараша, 2023
Испанияның Малага қаласында 2024 жылы жалауы желбірейтін Билли Джин Кинг кубогі жолындағы жарыста Қазақстанның әйелдер құрамасы қай командамен шеберлік байқасатыны белгілі болды.
Спорт • 30 Қараша, 2023
Қазақстанның футзалшылары 2024 жылы Өзбекстанда жалауы желбірейтін әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі соңғы екі кездесуін Нидерланд пен Румынияға қарсы өткізетіні белгілі.
Спорт • 29 Қараша, 2023
Скандинавия түбегінде гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Дания, Норвегия және Швецияның бірқатар шаһарында өтіп жатқан жарыста 32 мемлекеттің өкілдері өнер көрсетіп жатыр. Солардың қатарында Қазақстанның ұлттық құрамасы да бар.
Бокс • 29 Қараша, 2023
Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан жасөспірімдердің әлем біріншілігінде еліміздің былғары қолғап шеберлері тым сүреңсіз өнер көрсетіп жатыр.
Спорт • 29 Қараша, 2023
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионаты аяқталды. Төрт күн бойы жанкүйерлерді қуанышқа бөлеген байрақты бәсекеде Аустрия, Болгария, Малайзия, Қытай, Оңтүстік Корея, Грекия, Италия, Испания, Сербия, Израиль, Мысыр, АҚШ, Қырғызстан, Жапония, Қазақстан спортшылары бақ сынады. Ал Ресей мен Беларусь халықаралық федерацияның туы астында өнер көрсетті. Барлығы – 17 мемлекет.
Спорт • 29 Қараша, 2023
Кеше Словенияның Нова-Горица қаласында үстел теннисінен жастар арасындағы әлем біріншілігі басталды.
Спорт • 29 Қараша, 2023
Португалияның Албуфейра қаласында кикбокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Пиреней түбегінде 70 мемлекеттен келген 573 спортшы күш сынасты.
Теннис • 28 Қараша, 2023
Биыл Дэвис кубогінің түрлі іріктеу сындарынан сүрінбей өткен әлемнің ең үздік сегіз командасы 22 қарашада Испанияның Малага қаласында бас қосты. Олар Жерорта теңізінің батыс жағалауында орналасқан осы әсем шаһарда бес күн бойы шеберлік байқасып, кімнің мықты екенін анықтады.
Хоккей • 28 Қараша, 2023
Өткен аптада Нижнекамскінің «Неф-техимигін» овертаймда 4:3 есебімен жеңіп, жергілікті көрермендердің көңілін сәл болса да серпілтіп тастаған «Барыс» келесі турда қайта таз қалпына түсті.