Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
154 материал табылды

Спорт • 26 Маусым, 2023

«Сары Тарзанның» сазайын берді

Алматыда Қазақстанның «Naiza» және Ресейдің «Ural FC» промоушендерінің бірлесе ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Сол кештің басты бәсекесінде орта салмақтағы Дәурен Ермеков пен Руслан Шамилов күш сынасты. Олар жоғарыда аталған қос ұйымның алтын белбеуін сарапқа салды.

Спорт • 22 Маусым, 2023

Үмітті үкілеген рейтинг

Өткен аптаның соңында Астанада жалауы жел­бі­реген «Qazaqstan Ba­rysy Grand Slam 2023» тур­нирінде табысты өнер көр­сеткен еліміздің дзю­до­шылары әлемдік рей­тингтегі жағдайларын бір­шама жақсартты. Әсіресе біз «Барыс Аре­нада» бас жүл­дені олжа­лаған Мағ­жан Шам­шадиннің өнеріне ерек­ше тамсандық.

Спорт • 19 Маусым, 2023

Балуандарымыздың жеті жүлдесі

Күні кеше ғана Астанадағы «Барыс Аренада» өткен «Qazaqstan Barysy Grand Slam 2023» турнирінде ел дзюдошылары жеті жүлде олжалап, барша жанкүйерлерді қуаныш пен шаттыққа бөледі. Тарқатып айтсақ, олар – 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль еншіледі. Бұған дейінгі жарыстың бірде-бі­реуін­де біздің спортшылар дәл осындай орасан зор табысқа қол жеткізген жоқ.

Теннис • 16 Маусым, 2023

Үздіктер Уимблдонда бас қосады

Шілде айының алғашқы аптасында Ұлыбританияның астанасы – Лондонда Уимблдон турнирі басталады. «Үлкен дулыға» санатындағы жарыста әлемнің ең үздік теннисшілері бақ сынайды. Жүлде қоры 40 миллион фунт стерлингті құрайтын дүбірлі доданың жекелеген сайысында дара шыққан ойыншылардың әрқайсысы 1,7 миллион фунт стерлингтен олжаласа, финалда ұтылғандар 900 мыңнан еншілейді. Жартылай финалға дейін жеткендер 465 000 фунт стерлингтен иеленсе, ширек финалға шыққандардың есепшотына 300 000 фунт стерлинг аударылады.

Спорт • 15 Маусым, 2023

Халқыма қашанда қарыздармын – Ақжол Махмұдов

«Қазақ, қырғыз – бір туған» деп жатамыз. Осы орайда бөтенсітпей өзімізге тарта сөз қозғар болсақ, спортсүйер қауым Ақжол Махмұдовты жақсы біледі, оны ерекше құрмет тұтады. 1999 жылдың 15 сәуірінде Қырғызстанның Ош облысындағы Араван ауданында қарапайым отбасын­да туып-өскен ол, бозбала шағында-ақ балуандық өнерге мықтап ден қойды. Уақыт оза тарихта қаларлықтай талай биікті бағындырды. Ақжолдың әлем чемпионы, Олимпия ойындары мен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, тағы басқа толып жатқан атақтары бар. Ал егер бұл балуан сәуір айының бел ортасында 24 жасқа толатынын ескерсек, Махмұдовтың үлкен спорттағы жарқын жеңістері әлі алда деп нық сеніммен айтуға болады. Жуырда Ақжолмен әңгіме-дүкен құрған едік

Спорт • 13 Маусым, 2023

Алдыңғы лекте – АҚШ

Жақында «Egemen Qazaqstan»-да Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған рейтингі жайында көлемді екі мақала жарық көрді. Ол жерде біз әйелдер мен грек-рим күресі туралы біраз әңгіме қозғадық. Бүгінгі тақырыбымыз – еркін күрес. Әлемде осы спорт түрінің даму барысы қалай? Қазақ елі балуандарының өнері жанкүйерлердің көңілінен шығып жүр ме? Дәл қазір осы сауалдар төңірегінде әңгіме өрбітудің реті келіп тұр.

Спорт • 11 Маусым, 2023

Жәмила – көш басында!

Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингі қайта жаңартылды. Жер-жаһанның ең мықты балуандарының ТОП-10-дығына Қазақстанның тоғыз балуаны енді. Ең үздік көрсеткіш Жәмила Бақбергеноваға тиесілі. Қазақ қызы қазіргі кезде 72 кило салмақ дәрежесінде белдесіп жүрген бұрымдылар арасында теңдессіз деп танылып отыр.

Сұхбат • 08 Маусым, 2023

Аслан ШЫМБЕРГЕНОВ, бокстан әлем чемпионы: Рингте босаңсуға болмайды

Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында атой салған саңлақтарымыздың арасында ең тәжірибелісі – команда капитаны Асланбек Шымбергенов. 71 кило салмақта күш сынасып жүрген бұл боксшының жанкүйерлер назарына іліккеніне 10 жылға жуықтады. Сол кезден бері ол бірқатар аса ірі халықаралық жарыста жеңіс тұғырына көтерілді. Бірақ Асланбекке көпке дейін дүниежүзілік додаларда даралану бақыты бұйырмады. Соған қарамастан, қазақтың өр мінезді ұлының жігері жасыған жоқ. Ол өзінің жұлдызды сәттері әлі де алда екеніне кәміл сенді. Ақыры табандылығының арқасында көздеген мақсатына қол жеткізіп, әлем чемпионы атанды.

Спорт • 06 Маусым, 2023

Нұрбек ОРАЛБАЙ, бокстан әлем чемпионы: Анамның сөзінен күш-қуат алдым

Мамыр айында Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген былғары қолғап шеберлері таяуда Алматыға келіп, республикалық бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтың қолынан мол көлемде ақшалай сыйлық алды. Сол кезде жуан жұдырықты жігіттермен тілдесудің реті келді. Бүгін біз сол саңлақтардың бірі Нұрбек Оралбаймен болған әңгімені оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

Спорт • 06 Маусым, 2023

Бұйырғаны – 13 жүлде

Бішкекте өткен Қожомқұл Қабауұлы мен Ратбек Санатбаевты еске алуға арналған рейтингтік турнирді еліміздің грек-рим күресі шеберлері бес (1 алтын+1 күміс+3 қола) және әйелдер күресінің өкілдері үш (2+1+0) жүлдемен қорытындылағаны жайында бұған дейін хабарлағанбыз.